Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Ұлттық банк теңгенің нығаю себептерін атады

Ұлттық банк теңгенің нығаю себептерін атады

Фото: depositphotos.com
ҚР Ұлттық банкі валюта нарығындағы жағдай туралы ақпарат жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Қарашаның қорытындысы бойынша теңге бағамы бір АҚШ доллары үшін 512,57 теңгеге дейін 3,3 пайызға нығайды. Қазақстан қор биржасындағы күндік орташа сауда көлемі 271 миллион доллардан 280 миллион долларға дейін өсіп, жалпы сауда көлемі 5,6 миллиард АҚШ доллары болды.

Ұлттық банк мәліметінше, қарашада республикалық бюджетке трансферттерді қамтамасыз ету үшін Ұлттық қордан 600 миллион доллар сатылған. Бұл жалпы сауда көлемінің 10,7 пайызы немесе күніне шамамен 30 миллион доллар болады.
"Алдағы түсімдерді ескере отырып, желтоқсанда Ұлттық қордан бюджетке трансферттер бөлу үшін 400–500 миллион доллар көлемінде валюта сату жоспарланып отыр. Айналымнан алу операциялары аясында қарашада 475 миллиард теңге алынды. Желтоқсанда да осы көлемде – 475 миллиард теңгеге дейін валюта сату жоспарланған", - делінген хабарламада.
Ұлттық Банк Ұлттық қор қаражатымен операциялар жүргізу кезінде нарықтық бейтараптық қағидатын сақтайтынын атап өтті. Бұл шетел валютасын біркелкі әрі тұрақты сату тәртібін қамтамасыз етеді.
Сонымен қатар қарашада Ұлттық Банк валюталық интервенциялар жүргізбегенін хабарлады.
Квазимемлекеттік сектор субъектілерінің міндетті валюталық түсімдерді сату нормасы бойынша өткен айда шамамен 390 миллион доллар сатылған.
БЖЗҚ валюталық активтерінің үлесі бұрынғы жоспарға сай 40%-дан асатындығына байланысты Ұлттық Банк қарашада зейнетақы активтері портфеліне валюта сатып алмаған. Желтоқсанда да валюта сатып алу жоспарланбайды.

Ұлттық Банк транспаренттілік қағидаты шеңберінде валюта нарығындағы операциялар туралы ақпаратты жариялауды жалғастыратынын мәлімдеді. Қысқа мерзімде теңге бағамының динамикасы нарық қатысушыларының күтулеріне, тоқсандық салық төлемдеріне, әлемдік нарықтағы ахуал мен геосаяси факторларға байланысты болады.

Ведомство теңгерімсіздік жинақталуына жол бермейтін, алтын-валюта резервтерін сақтауға мүмкіндік беретін қолайлы бағам режімін ұстанатынын атап өтті.
01 желтоқсан 2025 ж. 121 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031