Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазалыда «Көктем-2025» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуы өтті

Қазалыда «Көктем-2025» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуы өтті

Оқу-жаттығу барысында 2025 жылғы су тасқыны кезеңі жағдайларындағы төтенше жағдайларды жою кезіндегі іс-қимылдарға азаматтық қорғау мемлекеттік жүйесінің басқару органдарын, күш-құралдарының дайындық барысы пысықталды.

Қазалы қаласында ұйымдастырылған оқу-жаттығу жұмыстарына Қызылорда облысы Төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары Бекболат Әбдіқадыров, аудан әкімінің орынбасары Жалғас Сүйеубаев, аудандық Төтенше жағдайлар бөлімінің бастығы Алтынбек Қалиев, Қызылорда облысының жұмылдыру дайындығы, аумақтық, азаматтық қорғаныс басқармасының Шұғыл жұмыстары орталығының директоры М.Сахитжан қатысып, ауданның азаматтық қорғау қызметтеріне, төтенше жағдай қызметі күштеріне саптық қарау жұмысын жүргізді.

Оқу-жаттығу барысында Қазалы қаласының солтүстік беткейінде практикалық оқу-жаттығу жұмыстары жүргізілді. Инженерлік, өртке қарсы қызметтері мен барлау тобының құрамалары қорғаныс бөгетті нығайту үшін құмды қапқа салып, бөгеу жұмыстарын жүргізді.

Сондай-ақ Қазалы қаласындағы М.Горький атындағы №16 мектеп-лицейінің №22 эвакуациялық жинау пункті мен Қазалы қаласыда орналасқан Қазалы аграрлы -техникалық колледжі №23 эвакуациялық қабылдау пункті тексерілді.
Сонымен бірге инертті материалдар қорын қарап, тексерілді.
Оқу жаттығуға 127 бірлік техника, 441 адам жұмылдырылды.
11 ақпан 2025 ж. 201 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30