Қазалыда жол инфрақұрылымы дамуда
Әйтеке би кентінде Жанқожа батыр көшесінің айналма жолын қайта жаңғырту жұмыстары жүргізілуде.Ұзындығы 3,192 шақырымды құрайтын жолдың құрылысы кент орталығындағы көлік қозғалысын реттеуге, негізгі көшедегі жүктемені азайтуға және тұрғындардың қауіпсіз қатынауына қолайлы жағдай жасауға бағытталған.
Ауданымызда жүзеге асырылып жатқан мұндай жобалар елді мекендердің дамуына серпін беріп, тұрғындардың тұрмыс сапасын жақсартуға ықпал етеді.
Сапалы жол — қолайлы қатынас пен қауіпсіздіктің кепілі!













