«Алтын күз – 2026»: Қазалы ауданы үздіктер қатарында
Жалағаш ауданында өткен «Алтын күз – 2026» XXXIX ауыл спортшыларының облыстық спартакиадасы өз мәресіне жетті.Биылғы дүбірлі додада Қазалы ауданының намысын 16 спорт түрінен 164 спортшы қорғады. Жарыс қорытындысы бойынша Қазалы ауданының құрамасы жалпыкомандалық есепте ІІІ орынды иеленіп, үздік үштік қатарынан көрінді.
Спартакиада барысында аудан спортшылары өз шеберліктері мен жоғары дайындық деңгейін көрсетіп, Қазалы ауданының абыройын асқақтатты.
Қазалы ауданының намысын қорғаған барлық спортшыларды, жаттықтырушыларды және жарысқа атсалысқан азаматтарды лайықты нәтижелерімен құттықтаймыз! Алдағы жарыстарда сәттілік тілеп, жаңа жеңістер мен толағай табыстарға жете берулеріңізге тілектеспіз!












