Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Суға шомылу маусымы бақылауда

Суға шомылу маусымы бақылауда

Жаз мезгіліндегі суға шомылу маусымына байланысты тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында аудандық партия филиалы аудандық төтенше жағдайлар бөлімімен бірлесе аудан көлемінде арнайы мониторинг жұмыстарын жүргізді.
Іс-шараға партия филиалының Атқарушы хатшысы Нұриғса Жалғасбаев, аудандық мәслихат депутаты Күншығар Әбілов, аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің бастығы Алтынбек Қалиев және бөлім қызметкерлері қатысты.
Мониторинг жұмыстары саптық жиыннан басталды. Онда төтенше жағдайлар бөлімінің басшысы рейдтің негізгі мақсатына тоқталып, жазғы маусымда суға шомылу кезінде сақтық шараларын сақтау тұрғындар өмірі мен денсаулығы үшін аса маңызды екенін айтты. Сонымен қатар, су айдындарында орын алуы мүмкін төтенше жағдайлардың алдын алу үшін жүйелі бақылау мен қоғамдық жауапкершіліктің маңызын атап өтті.
Бұдан кейін жұмыс тобы кент, қала және ауылдық округтер маңындағы бірқатар су арналары мен каналдарды аралап, суға шомылуға рұқсат етілмеген, қауіпті саналатын аймақтарға мониторинг жүргізді. Қауіп төндіруі мүмкін жерлер анықталып, ескерту белгілерін орнату, тұрғындарға ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жандандыру бойынша нақты ұсыныстар берілді.
#AMANAT
17 шілде 2025 ж. 222 0

Қазақстанда күз қалай өтеді?

03 қыркүйек 2025 ж. 134

Қауіпке қарсы қам

03 қыркүйек 2025 ж. 192

Қағылды алғашқы қоңырау

03 қыркүйек 2025 ж. 159

Өгей өмір

03 қыркүйек 2025 ж. 139

Аяқдоп арманға жеткізді

03 қыркүйек 2025 ж. 155

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930