Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » БІЛІМ САЛАСЫНЫҢ АРДАГЕРІНЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТТІ

БІЛІМ САЛАСЫНЫҢ АРДАГЕРІНЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТТІ

Аудан әкімі Мейрамбек Шермағанбет Қазалы ауданының Құрметті азаматы, білім саласының ардагері Құралай Бекжанованы қабылдап, 75 жасқа толған мерейтойымен құттықтады.
- Қазалы ауданының білім саласында ұзақ жыл еңбек етіп, ұрпақ келешегі үшін саналы ғұмырын сарп еткен майталман мұғалімдер аз емес. Сіз осындай тұлғалардың қатарынан көрініп, еңбек жолыңызда білім саласымен қатар түрлі қоғамдық жұмыстарға белсенді атсалыстыңыз. Бүгінге дейін Майдакөл ауылдық округінің әйелдер кеңесінің төрайымы ретінде елдің бірлігі мен берекесіне, ынтымағы мен ырысына өз ықпалыңызды тигізіп келесіз. Қазалы ауданның Құрметті азаматы, еңбек ардагері, Халық ағарту ісінің озық қызметкері сынды марапаттар еңбек жолыңызда өзіңізге берілген лайықты баға, - деген аудан әкімі мерейтой иесіне дәстүрге сай иығына камзол мен жаулық жауып, құрмет көрсетті.
Мұнан соң қабылдауға арнайы келген облыстық әйелдер кеңесінің төрайымы Райкүл Байназарова Құралай Бекжанқызының ауылдық әйелдер кеңесінің төрайымы ретінде ауданындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясатты насихаттауға қосқан үлесін айтып, жылы естеліктерімен бөлісіп, шынайы лебізін жеткізді.
Өз кезегінде мерейтой иесі де аудан басшысының көрсеткен құрметіне шынайы алғысын айтып, ризашылығын білдірді.
Қазалы ауданы әкімінің баспасөз қызметі
25 сәуір 2025 ж. 311 0

Төл спорт төрге озды

14 қазан 2025 ж. 101

Ай да, күн де жақсы ғой...

14 қазан 2025 ж. 105

Қала тынысымен танысты

14 қазан 2025 ж. 77

Ауылдан шыққан арлан

14 қазан 2025 ж. 84

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031