Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Мамандар марапат төрінде

Мамандар марапат төрінде

Әлеуметтік қызметкер – жай ғана мамандық емес, ол бей-жай қарамайтын, жаны ашық және жүрегі мейірімді адамдарға лайықты кәсіп. Әлеуметтік қолдауға мұқтаж жандардың қасынан табылып, әркез көмек қолын созатын мамандық иелеріне зор құрмет. Елімізде жыл сайын қазан айының соңғы жексенбісінде сала мамандарының кәсіби мерекесі аталып өтіледі.

Жуырда Р.Бағланова атындағы аудан­дық мәдениет орталығында мамандық иелеріне құрмет көрсетіліп, мерекелік шара өтті. Жиында аудан әкімінің орынбасары Болат Жолтаев сала қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтап, құрмет көрсетті.
– Әлеуметтік қорғау жүйесі – үлкен жауапкершілік, кәсіби біліктілікпен қатар адами қасиеттерді талап ететін салмағы ауыр сала. Сіздер күн сайын зейнеткерлерге, қамкөңіл жандарға, көпбалалы отбасыларға, табысы аз азаматтарға көмек қолын созып келесіздер. Сіздердің еңбектеріңіздің арқасында өмірлік қиын жағдайларға душар болған азаматтар қажетті қолдау алып, еңсесін тіктеуде, – деді аудан әкімінің орынбасары.
Мерекелік шарада бірқатар сала қызметкерлері облыс, аудан әкімінің және облыстық жұмыспен қамту үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқарма басшысының «Алғыс хатымен» марапатталды.
Әлеуметтік сала қызметкерлерінің мерейін үстем еткен көңілді кеште аудан өнерпаздары әсем әннен шашу шашып, жиналғандарға мерекелік көңіл-күй ­сыйлады.

Серік АҚМЫРЗА
09 қараша 2024 ж. 421 0

Ұрпағы ұлықтаған Самұрат би

31 желтоқсан 2025 ж. 148

Кәсіпкерлікке қолдау кең

31 желтоқсан 2025 ж. 164

Шаттық сыйлаған шырша тойы

31 желтоқсан 2025 ж. 177

Аудан әкімі ауылдарды аралады

31 желтоқсан 2025 ж. 163

Аудан әкімінің құттықтауы

31 желтоқсан 2025 ж. 166

Жылан жылындағы жақсы істер

31 желтоқсан 2025 ж. 139

Жылқы жылынан не күтеміз?

31 желтоқсан 2025 ж. 180

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031