Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Аудан әкімі Қазалы қаласындағы мектептерді аралады

Аудан әкімі Қазалы қаласындағы мектептерді аралады

Бүгін аудан әкімі Алмасбек Есмаханов Қазалы қаласындағы М.Горький атындағы №16, Ғ.Мұратбаев атындағы №17 және Қ.Нұрмаханов атындағы №95 орта мектептерге барып, білім ошақтарының жұмысымен танысты. Сондай-ақ мектептердің бу қазандықтарының жұмысын тексеріп, жылу беру маусымы еш кедергісіз ету керектігін ескертті.
Аудан басшысы аралау барасында алдымен мектеп асханалары мен спорт залдарының жағдайын бақылады. Осы ретте, мектеп директорларына балаларға әзірленген тамақтың күнделікті ас мәзіріне, асхананың жалпы санитарлық жағдайына көңіл бөліп, баланың дұрыс тамақтануына аса мән беруді тапсырды.
Сонымен қатар сыныптардың керекті жабдықтармен жабдықталуы, білім сапасын жетілдіре түсу, мектептердің ауласының көркейту-көгалдандыру мен тазалық жұмыстарына қатысты мектеп директорларына бірқатар ескертпелер жасап, кемшіліктерді түзеуге жұмыс жасау керектігін айтты.
Алмасбек Әбілқасымұлы білім ошақтарын аралау барысында Қазалы қаласындағы М.Горький атындағы №16 мектептің жанында орналасқан № 1-ші Қазалы қалалық кітапханасының жұмысымен танысты. Қазіргі таңда мұнда 42142 кітап қоры болса, ал, Алтын қорында 78 дана кітап бар. Алтын қордағы ең көне кітап – 1861 жылы славян тілінде жарық көрген «Үстел сөздігі» кітабы. Айта кетейік, бүгінгі қалалық кітапхана орналасқан ғимарат 1912 жылы салынған. Бұл шығыстың жарық жұлдызы Ғани Мұратбаев білім алған №16 мектептің ескі ғимараты.
16 қазан 2025 ж. 81 0

Қазақстанда күн күрт суытады

06 желтоқсан 2025 ж. 165

Ұрпаққа бағыт, білімге мақсат

06 желтоқсан 2025 ж. 129

Мәңгілік сағыныш

06 желтоқсан 2025 ж. 116

Ұстаздар үздіктер сапында

06 желтоқсан 2025 ж. 123

Өмірін әнмен әрлеген әжелер

06 желтоқсан 2025 ж. 115

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031