Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Нақты қадам – салаға серпін

Нақты қадам – салаға серпін

Жуырда аудан әкімі Алмасбек Есмахановтың төрағалығымен мәдениет пен спорт саласындағы жұмыстарды талқылауға арналған аппарат мәжілісі өтті. Жиында екі саланың қазіргі ахуалы мен алдағы жоспарлар қаралды.
Күн тәртібіндегі мәселелер бойынша аудандық дене тәрбиесі, спорт және туризм бөлімінің басшысы Орысбек Жамшейтов, сондай-ақ мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің міндетін атқарушы Райса Тасыбаева баяндама жасады.
Аудан басшысы алдымен спорт саласындағы жағдайға тоқталып, негізгі көрсеткіш – спортшылардың жетістігі екенін атап өтті. Соңғы үш жылда ауыл спортшылары арасындағы спартакиадада ауданның үздік үштікке енбей келе жатқанын айтып, бөлім жұмысына сын айтты. Бұқаралық спортты дамытудағы спорт нұсқаушыларының жауапкершілігін күшейтуді тапсырды. Сонымен бірге ұлттық спорт түрлері мен туризмді өркендету бағытында нақты міндеттер жүктеді.
Сондай-ақ мәдениет саласына қатысты «Адал адам» рухани-мәдени орталықтарының жұмысын жандандыру қажеттігін атап өтті. Әрбір ауылдық округте жобаның жеті бағыты бойынша іс-шараларды күшейтіп, өнерлі жастарды қолдауға ерекше назар аударуды тапсырды. Мәдениет үйлеріндегі үйірмелердің белсенділігін арттыру, кітапханалар мен музейлердің жұмысын тиімді ұйымдастыру жөнінде нақты міндеттер қойылды. Сонымен қатар «Руханият» орталығы ғимаратын да тиімді пайдалану қажеттігі айтылды.
Аудан әкімі екі сала бойынша материалдық-техникалық базаны жаңартуға қолдау көрсетілетінін, басты мақсат – аудан абыройы үшін нәтижелі жұмыс екенін атап өтті. Жиында ол мәдениет үйлері, спорт мектептері мен кешендердің аумағындағы тазалық пен абаттандыру жұмыстары бойынша жіберілген кемшіліктерді слайд арқылы көрсетіп, оларды 10 күн ішінде түзетуді тапсырды.
Сөз соңында Алмасбек Әбілқасымұлы берілген тапсырмалардың әрқайсысы орындалуымен құнды екенін, олардың барысы тікелей өзінің бақылауында болатынын ескертті.
Сонымен қатар мәжілісте күзгі мерзімді әскери қызметке шақыру жұмыстары да қаралды. Қазалы ауданына биыл 96 азаматты әскерге жіберу жоспарланған, қазіргі таңда оның 36-сы шақырылып, жоспар 37,5% орындалған. Осыған байланысты тиісті сала басшылары мен ауыл әкімдеріне шақыру науқанын жоғары деңгейде ұйымдастыру, медициналық тексеруден өтуді қамтамасыз ету, әскерден жалтарып жүрген азаматтарды анықтап, олар бойынша тиісті шараларды күшейту тапсырылды.

Арайлым ҚУАНТҚАНҚЫЗЫ
15 қараша 2025 ж. 32 0

Қасиеттің де құны бар

15 қараша 2025 ж. 21

Жанарымда жарық әлем

15 қараша 2025 ж. 30

Білім саласы бақылауда

15 қараша 2025 ж. 30

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930