Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Көмірге сұраныс артты: шет елге 16 млн тонна экспортталды

Көмірге сұраныс артты: шет елге 16 млн тонна экспортталды

Бұл былтырмен салыстырғанда 14% артық.
Көмірге сұраныс артты: шет елге 16 млн тонна экспортталды
www.istockphoto.com
Шет елдерде көмірге сұраныс артты, - деп хабарлайды Аikyn.kz сайты 24kz-ке сілтеме жасап. 
Еліміздегі көмірінің басым бөлігі Ресей арқылы экспортқа шығады. Бұл көрсеткіш жыл санап өсіп отыр. Биыл 10 айда Ресей порттарынан 9,6 млн тонна көмір тасымалданса, Балтық теңізіндегі порттар арқылы 6,2 млн тонна жөнелтілді. Ал Азов және Қара теңіз порттарынан 3,4 млн тонна көмір шетелге жол тартты. 
Биыл алғашқы жарты жылда теміржол арқылы 16 млн тоннадан аса көмір экспортталды. Бұл былтырмен салыстырғанда 14% артық. Солтүстіктегі көршіміз 11 млн 800 мың тоннасын сатып алды. Ал Түркия мен Үндістанға экспорт екі есе артып, жалпы көлемі 3 млн тоннаға жетті.
- Елдегі энергияның шамамен 70%-ін көмір жағатын жылу электр станциялары өндіреді. Дегенмен әлемде көмірді қолдануды шектеу бойынша жұмыс жүріп жатыр. Әрине, жаңартылатын энергия көздерін де дамыту керек. Бірақ олар энергияны тұрақты бере алмайды және мұндай қуат көздері жылу энергиясын өндірмейді. Ал біздің климатты ескерсек, көмірден толық бас тарту өте қиын. Қазір елде 34 млрд тоннаға жуық көмір қоры бар. Жылына 100 млн тоннадан аса көмір өндіріледі. Отандық энергетиканың басым бөлігін көмір беріп отыр. Үкімет 15 жылда барлық жылу электр орталықтарын «таза көмір» технологиясына көшіруді көздейді. Ол үшін 2035 жылға дейін электр энергетикасын дамыту жоспары әзірленді. Құжатта 26 гигаваттан астам қуат көздерін іске қосу міндеттелген. Мұнда көмір генерациясын, көмір химиясын дамыту баса назарда тұр. KazEnergy қауымдастығының төрағасы Болат Ақшолақов.
12 қараша 2025 ж. 164 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930