Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Көмір бағасы бір жылда 11%-ға қымбаттады

Көмір бағасы бір жылда 11%-ға қымбаттады

Елімізде өндірілген көмірдің үштен бір бөлігі экспортқа кетеді. Биылғы қыркүйек айының қорытындысына сәйкес, еліміздегі тас көмір бағасы бір айда 2,9%-ға, бір жылда 10,8%-ға қымбаттаған, деп жазады inbusiness.kz energyprom.kz сайтына сілтеме жасап.
Бір жылда көмірдің орташа бөлшек бағасы 13,7 мың теңгеден 15 мың теңгеге дейін көтерілген. Ең қымбат көмір Тараз (19,5 мың тг), Орал (19,3 мың тг) қалаларында сатылған. Сондай-ақ, көмірдің жоғары бағасы Жезқазған (16,4 мың тг), Алматы (16,2 мың тг), Талдықорған (16 мың тг) қалаларында да тіркелді.
2022 жылдың қаңтар–тамыз айларында лигнит пен көмір концентратын қоса алғандағы тас көмірді өндіру көлемі 76,5 млн тоннаны құраған. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 6,5%-ға артық. Оның ішінде 70,6 млн тонна тас көмір, 3,1 млн тонна лигнит, 2,7 млн тонна көмір концентраты өндірілді.
Осы жылдың қаңтар-шілде аралығында отандық компаниялар көмірге деген сұранысты (ішкі нарықтағы сату және экспорт) 99,6%-ға қамтамасыз етті. Бұл кезеңде өндіріс көлемі 5,8%-ға дейін өсіп, импорт 18,3%-ға төмендеген. Бұдан бөлек экспорт көлемі 16,3%–ға, ал ішкі нарықтағы сату көлемі 1,4%-ға артқан.
14 қазан 2022 ж. 971 0

Қазақстанда күн күрт суытады

06 желтоқсан 2025 ж. 162

Ұрпаққа бағыт, білімге мақсат

06 желтоқсан 2025 ж. 126

Мәңгілік сағыныш

06 желтоқсан 2025 ж. 113

Ұстаздар үздіктер сапында

06 желтоқсан 2025 ж. 120

Өмірін әнмен әрлеген әжелер

06 желтоқсан 2025 ж. 112

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031