Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстан көмірі қай елдерге экспортталады?

Қазақстан көмірі қай елдерге экспортталады?

Республикалық тау-кен өндіруші және тау-кен металлургиялық кәсіпорындар қауымдастығының атқарушы директоры Николай Радостовец елде өндірілген көмір қай мемлекеттерге экспортталып жатқанын айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz.
Оның айтуынша, 2021 жылғы қаңтар-тамызда Қазақстан 20,6 млн тонна көмір экспорттаған. Бұл 2020 жылдың осы ұқсас кезеңімен салыстырғанда 10,1% артық (18,7 млн тонна). "Бүгінде көмірге сұраныс жоғары. Өнімді Еуропа елдеріне, Қытайға және басқа елдерге экспорттап жатырмыз. Көмір экспортының өсуі ЕАЭО-ға мүше елдердің нарығына көмірді тиеп жөнелтудің 5,2%, үшінші елдерге 21,3% ұлғаюына байланысты. Сондай-ақ Үндістанға 16,2 мың тонна, Оңтүстік Кореяға 42,2 мың тонна, Мароккоға 33,6 мың тонна, Ұлыбританияға 191,7 мың тонна көмір жеткізілді. Бұл көрсеткіш төмен болса да нарықта өнімге сұраныс барын көрсетеді", - деді Николай Радостовец Astana Mining & Metallurgy 11-тау-кен металлургиялық конгресі аясында өткен көмір форумында. Сондай-ақ ол елде көмірді терең өндеп, қосылған құны жоғары өнімдерді шығару мәселесін көтерді. "Қазақстан көміріне Түркия, Польша, Өзбекстан, Қырғызстан, тіпті Швейцария қызығушылық танытып отыр. Біз көмірді терең өңдеп үйренуіміз керек. Одан фармацевтикалық және химиялық өнімнің 300-ге жуық түрін өндіруге болады", - деп түйіндеді сөзін атқарушы директор. Айта кетейік, осыған дейін Николай Радостовец жаңа еркін экономикалық аймақ құруды ұсынған еді.

21 қазан 2021 ж. 988 0

Қарекет те, қарқын да бар

13 желтоқсан 2025 ж. 160

Аудандағы нысандарды аралады

13 желтоқсан 2025 ж. 147

Майдакөлде мәдени ошақ ашылды

13 желтоқсан 2025 ж. 168

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031