Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстандықтарға алаяқтардың жаңа айласы туралы ескерту жасалды

Қазақстандықтарға алаяқтардың жаңа айласы туралы ескерту жасалды

Фото: depositphotos.com
Ішкі істер министрлігі танымал интернет ресурстарда қонақүй нөмірлері мен пәтерлерді брондау кезінде жасалатын алаяқтықтың жаңа тәсілі туралы ескертті, - деп хабарлайды Massaget.kz.
Пәтерлерді интернет арқылы брондау кезінде пайдаланушыларға банк картасының деректерін сұрататын хабарламалар келеді. Алайда бұл деректер жеке кабинетте бар және қайта енгізуді талап етпейді. Осыған байланысты ІІМ азаматтарды басқа қалаға немесе елге демалысқа, сондай-ақ, іс-сапарға шыққанда аса мұқият болуға шақырды.
Алаяқтарға алданбау үшін мынадай шараларды ұстану қажет:
  • сайттың мекенжайын тексеріңіз: фишинг сайттарда домен атауында ұсақ өзгерістер болуы мүмкін (мысалы бір әріптің қосылуы немесе соңғы жағындағы өзгерістер);
  • банк картаңыздың деректерін пәтер иесімен чатта бөліспеңіз;
  • тым төмен бағадағы ұсыныстарға күмәнмен қараңыз;
  • пәтерді немесе қонақүй нөмірін жалдамас бұрын пікірлерді оқып шығыңыз, олардың жарияланған уақытын және жарнама сайтта қанша уақыттан бері тұрғанын тексеріңіз, бірнеше жылдан бері жарнамаланып келе жатқан пәтерлер - сенімділіктің бір белгісі;
  • пәтер иесі толық алдын ала төлем жасауды талап еткен жағдайда абай болыңыз, қонақүй нөмірі мен пәтерге төлемді тек сол жерге барып, олардың бар екеніне көз жеткізгеннен кейін жасаңыз;
  • күдікті хабарламалардан сақ болыңыз: мессенджерлерде, электрон поштада немесе әлеуметтік желілерде жіберілген сілтемелер жалған сайттарға апаруы мүмкін;
  • пәтерді немесе қонақүй нөмірін тек танымал және сенімді платформалардан брондаңыз: егер сайт күмән тудырса, тәуекелге бармаған дұрыс.
31 шілде 2025 ж. 251 0

Үш облыста жол ашылады

08 желтоқсан 2025 ж. 153

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031