Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Әмбебап банктерге исламдық банк операцияларын жүзеге асыру құқығы берілмек

Әмбебап банктерге исламдық банк операцияларын жүзеге асыру құқығы берілмек

Әмбебап банктерге исламдық банк операцияларын жүзеге асыру құқығы берілмек. Бұл туралы Мәжілістің жалпы отырысында банк қызметі туралы заң жобасын таныстырған Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрағасы Мәдина Әбілқасымова айтты.

Фото: Pexels
- Қаржыландырудың балама тетіктерін дамыту үшін әмбебап банктерге қолда бар лицензия аясында исламдық банк операцияларын жүзеге асыру құқығын беру көзделеді, - деді агенттік төрағасы.
Оның айтуынша, бұл нормалар банктерге жеке банкті құрмай, өз құрылымында арнайы бөлімшелер құру арқылы исламдық өнімдерді ұсынуға мүмкіндік береді.
- Заң жобасында исламдық қызметті ұйымдастырушылық тұрғыдан оқшаулау, активтер мен міндеттемелерді бөлек есепке алу және басқару, жеке қызметкерлерді бөлу, сондай-ақ қаржы өнімдерін бекітетін және аудит жүргізетін шариғатқа сәйкестік жөніндегі кеңестің болуы көзделген, - деді Мәдина Әбілқасымова.
Бұған дейін ел аумағында цифрлық қаржы активтерінің айналымына рұқсат берілуі мүмкін екенін жазған едік. 

05 қараша 2025 ж. 292 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930