Ұрпағына ұлағат сөзі қалған
Хиуадағы «Шеккі Хазірет» медресесінде оқып, білім алған Ерімбет Көлдейбекұлының есімі ел жадында мәңгі сақталған ақын. Қарасақал Ерімбеттің ақындық өнер жолының қалыптасуына Шернияз Жарылғасұлы, Қашқынбай Қожамбетұлы, тағы басқа да ақындар ықпал еткен деген ел аузында әңгіме бар.
Ерімбет Көлдейбекұлы 1844-1911 жылдары өмір сүрген Сыр сүлейлерінің арасындағы ірі тұлғалардың бірі. Бұрынғы Сырдария өлкесі, Қазалы уезіне қарасты Қалыңбас болысының сегізінші ауылында, “Ақ ишан” деп аталатын жерде, Қуаңдарияның жағасында дүниеге келген. Алты ата Әлімнің бірі – Айнық, лақап аты – Қарасақал руынан шыққан. Халық оны ақындығымен таныла бастағаннан-ақ “Қарасақал Ерімбет шайыр” деп атап кеткен. Туа біткен дарынын жастайынан танытқан ол, сауат ашқаннан кейін жазба ақындық жолын дамытады. Оның қаламынан елуден астам түрлі тақырыпты қаузаған нақыл өсиет өлең, Құттыбай, Жалғасбай, Қыпшақбай сияқты қазақтың сол кезде өмір сүрген белгілі азаматтарының, би-болыстарының атынан жазған көптеген хат-өлеңі мен арнауы шыққан.
1877-1879 жылдары Қалыңбас аумағында болыстық қызмет атқарған. Жыраулық, жыршылық, әншілік, ақындық, сал-серілік өнері тоғысқан Қарасақал Ерімбет маңайындағы Базар Оңдасұлы, Омар Шораяқұлы, Тұрмағамбет Ізтілеуов, Даңмұрын Кенжебекұлы, Әзілкеш Шымырұлы, Оңғар Дырқайұлы, Жарылқасын Сырманұлы, Тұрымбет Салқынбайұлы сынды шайырлар Сыр бойының жыраулық-жыршылық мектебін қалыптастырды.
Қарасақал Ерімбет шығыстық дидактика-философиялық мазмұндағы әдеби дәстүрді одан әрі дамытып, ислам дінінің гуманистік-ағартушылық идеяларын қазақ поэзиясының поэтикалық өзегімен тұтастыра жырлады. Оның “Жақсылар бұл қиссадан ғибрат ал”, “Әй, балам, саған насихат”, “Жалғанның түбін ойлап, күтініңдер!”, «Сыйлап қал бір-біріңді соқпай саның”, “Жадыңа, ислам халқым, неге алмайсың?”, “Халықтың қалсын сөзі құлағыңда” атты үндеу өлеңдері көпке танымал. Бұл туындыларында Алланың құдіреті, Құранның шындығы, пайғамбардың өсиеті, білім-ғылымға ұмтылу жырланған.
Ал “Атымтай жомарт”, “Хазіреті Ғали мен Дариға қыз”, “Әбу Шашма”, “Сәдуақас Сақи”, “Ақтам сақаба”, “Бап Раушан” дастандарында Құран кітабындағы хикаялар, Мұхаммед пайғамбар мен оның сахабаларына байланысты аңыз әңгімелер өзек болған. Ақын шығармалары “Айтыс”, “Қазақ поэзиясының антологиясы” жинақтарында жарияланды. “Ұлағат сөзім ұрпаққа” атты жеке жыр кітабы жарық көрді.
Сондай-ақ ол қазақтың дәстүрлі айтыс өнеріне де өзіндік ерекшелігімен үлес қосты. Қарасақал Ерімбеттің негізгі жазба айтыстары “Қарасақал Ерімбет пен Шораяқтың Омары”, “Ерімбет пен Аппақ”, “Ерімбет пен Қаңлы Жүсіп”, “Ерімбет пен Ыбырайым” жұмбақ айтыс тұрғысындағы идеялық, композициялық құрылымымен ерекшеленеді. “Қарасақал Ерімбет пен Жекей қыз” қыз бен жігіттің сөз сайысы түріндегі айтыстары ақынның әдеби шығармаларының дәстүрлі табиғатын танытады. Жазба айтыстарында дидактикалық бағдардағы сюжеттер, нақылдар, мақал-мәтелдер, бейнелеу өрнектері мол қолданылады.
Сыр сүлейі атанған Қарасақал Ерімбет 1911 жылдың 25 мамырында дүниеден озған. Денесі Тасарық ауылдық округіне қарасты Лақалы елді мекенінен шығысқа қарай 27 шақырымдай жерде орналасқан “Ақ ишан” деп аталатын мешіт маңына жерленген.
2006 жылы Қазалы қаласының Ү.Түктібаев көшесі бойындағы Ғ.Мұратбаев саябағы алаңында ақын құрметіне ескерткіш-кешен салынды.

Айнұр ҚАЗМАҒАМБЕТОВА