Қазақстанда қарақұмық пен күріш бағасы қандай
Коллаж: Kazinform/ Freepik/ DALL-E
Қарақұмық пен күріш әрбір қазақстандықтың дастарханынан орын тапқан ас. Себебі таңғы астан кешкі асқа дейін отбасылардың ас мәзіріндегі түрлі тамақ құрамында кездеседі. Осы ретте, Kazinform елдегі әр өңірде қарақұмық пен күріштің бағасы қандай екенін біліп көрді.
Қарақұмық: келісі 155 теңгеден 1000 теңгеге дейін
Ең арзан қарақұмық Павлодар қаласында екен. Келісі 155 теңгеден. Қостанайда әлеуметтік қарақұмық бағасы 177 теңгеден басталады. Петропавлда 178 теңгеден сатылса, Астана, Қарағанды, Жезқазған қалаларында баға 180 теңгеден басталады.
Елдің батысындағы кейбір өңірлерде қымбатырақ, атап айтқанда Ақтөбе мен Ақтауда 184 пен 194 теңгенің арасында. Көкшетауда қарақұмықтың бағасы 190 теңгеден басталады.
Инфографика: Kazinform
Қазақстанның оңтүстігі мен шығысында бұл дақылдың бағасы бұдан да жоғары: Тараздағы баға 240-тан 900 теңгеге дейін жетеді. Ең қымбаты қаптамадағы жоғары сұрыпты тазартылған 800 грамм қарақұмық 700 теңгеден сатылады. Түркістандағы баға 280-нен 670 теңгеге дейін, Семейде, Қызылордада және Талдықорғанда қарақұмық келісі 300 теңгеден басталады.
Шымкентте 350 теңгеден, Өскеменде 380 теңгеден жоғары.
Батыс өңірі де бағаның өсуінен құр алақан емес. Орал мен Атырауда әлеуметтік қарақұмық 350 теңгеден басталады. Алайда дүкендердегі қаптамадағының бағасы 800 теңгені құрайды.
Келісі 535 теңгеден басталып, қаптамадағысы 1000 теңгеге дейін жететін ең қымбат қарақұмық Алматы мен Қонаев қалаларында.
Күріш: келісі 385 теңгеден 1600 теңгеге дейін
Қазақстандағы күріш бағасы әр өңірде әртүрлі. Ең қолжетімді баға Ақтау қаласында. Бұл жақта күріштің келісін 385 теңгеден табуға болады.
Келісі 410-425 теңгеден Павлодар мен Ақтөбе қалаларында сатылады. Алайда бұл жақта палауға арналған қаптамадағы күрішті 600 теңгеге аласыз.
Елдің оңтүстігіндегі баға баяулап өсіп келе жатыр. Талдықорғанда ақ дақылдың бағасы 430 теңгеден басталады. Ал Семей мен Қызылордада 450 теңгеден. Талдықорғанда палауға арналған қаптамадағы күріш бағасы 1000 теңгеге жетеді.
Қарағанды мен Жезқазғанда күріш келісі 435 теңгеден, ал қаптамадағы күріш бағасы — 500 теңге.
Күріш Көкшетау мен Петропавлда сәл қымбатырақ. Мұнда келісінің ең төменгі бағасы сәйкесінше 521 және 536 теңгеден басталады. Бірақ Петропавлда ұзын дәнді күріштің бір қаптамасы 600 теңгеге дейін сатылады. Бұл ең қолжетімді бағалардың бірі.
Инфографика: Kazinform
Орал мен Атыраудағы баға жоғары. Оралда қысқа дәнді күріштің келісі 480 теңгеден, ал Атырауда 755 теңгеден сатылуда. Алматы, Қонаев және Түркістан қалалары салыстырмалы түрде орташа бағалармен көңіл қуантады. Мұнда күріштің келісі — 550 теңге, палауға арналған каптамадағы күріштің келісі — 700-750 теңгеден.
Еліміздің шығысындағы Өскеменде де күріштің келісі 550 теңгеден сатылуда. Дегенмен, қаптамадағы күріш бағасы 1000 теңгеге жетеді.
Таразда күріштің келісі 560 теңге тұрса, ал қаптамадағы дақыл бағасы 1200 теңгеге жетеді.
Ал Астанадағы күріш келісі 685 теңгеден, пакеттегі күріш бағасы 1000 теңгеге дейін сатылып жатыр.
Шымкенттегі баға өзге өңірлерге қарағанда басқаша. Бұл жерде қысқа дәнді дақылды күріштің келісі 800 теңгеден, ал палауға арналған қаптамадағы ұзын сұрыпты басмати күрішінің бағасы — 1600 теңге.
Қостанай күріш құнының қымбаттығынан көш бастап тұр. Келісі 835 теңгеден және қаптамадағы бағасы 867 теңгеге дейін сатылуда.
Сонымен, палауды Ақтау, Павлодар, Ақтөбе қалаларында пісіру арзанға шығады. Бұл жақтарда жоғары сұрыпты күріш пен қаптамадағы өнім де қолжетімді бағада. Ал Шымкент пен Қостанай қалаларында күріш бағасының қалтаға молырақ салмақ салатыны байқалады.
Төмен бағадағы дақылды іздеген тұтынушылар елдің солтүстігі мен шығысынан сатып алса болады. Мысалы, Петропавл мен Павлодарда қарақұмық пен күріш ең қолжетімді баға болып қала береді. Баға жоғары Оңтүстік пен Батыста әлеуметтік дүкендерден немесе науқан уақытында сатып алуға болады.
Өнім бағасы бір қаланың өзінде әртүрлі болуы мүмкін екенін есте ұстаған жөн. Ал сапасы мен сұрыпы тікелей бағаға әсер етеді. Еске салсақ, Kazinform агенттігі бұған дейін бал бағасын білді.