Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Ел аймақтарындағы жиһаз бағасы қанша

Ел аймақтарындағы жиһаз бағасы қанша

Үйге арзан жиһаз алып бөлмелерді жабдықтауды ойласаңыз, жоғары сапаға үміт артпай-ақ қойғаныңыз дұрыс, деп хабарлайды Kazinform.
Коллаж:
Canva
Жиһаз салондары мен Қазақстандағы жергілікті фабрикаларда таңдау жоғары. Бағасы төмен болғанымен кейде сапасы көңілден шықпай жатады. Сондықтан жиһаз жасаған кезде қандай материалдың қолданылғаны маңызды рөл атқарады. Көбіне ағаш үгіндісі нығыздалған тақтаны таңдайды. Бұл материалдан әрине берік, ұзақ жыл қызмет ететін жиһаз дайындау қиын. Әсіресе ас үй жиһазына жиі су тиеді.
Ал кереует немесе шкаф дайындаған кезде ағаш үгіндісі нығыздалған тақтаны таңдау артықтық етпейді. Күтіп ұстаса ондаған жыл қолдануға болады.
Жұмсақ жиһаз бағасына ағаштың сапасы ғана емес, астары, қаптамасының неден жасалғаны, беріктігі әсер етеді. Қажетті құралдарды өндірушілер көп. Таңдау кезінде бағасы қолжетімдісін, сонымен бірге импорт тауарларды да ұсынуы мүмкін.

Жұмсақ әрі қарапайым
Рейтинг жасаған кезде ұзындығы 2,4 метр болатын диван бағасын сұрастырдық. Үш адам еркін сыятын диван бағасы елімізде қымбат емес.
Ең арзан жиһаз Қарағандыдан табылды. Мұнда баға 120 мың теңгеден басталады. Одан кейінгі орында Орал қаласы тұр. Онда диван бағасы 140 мың теңгеден басталады.
Еліміздегі қалалардың көбінде баға 150 мың теңге екенін аңғардық. Тараз, Қызылорда, Түркістан, Екібастұз, Астана, Жезқазған мен Талдықорғандағы баға осындай. Мұндай дивандар көбіне жазылмайды, кейбірін екі адамдық кереуетке ғана айналдыруға болады. 

Павлодарда диван бағасы 155 мың теңгеден басталады. Қостанай мен Петропавлдағы баға 160 мың теңге және одан жоғары. Диван бағасы 200 мың теңге болатын өңірлер де бар. Олар: Ақтөбе, Шымкент, Ақтау, Көкшетау және Алматы қалалары. Ал Атыраудағы баға – 210 мың теңге. Өскемен мен Семейде ең арзан диван бағасы – 250 мың теңге. 

Коллаж:
Kazinform
Арзан, бірақ матрассыз
Екі адамдық кереует бағасы елімізде қолжетімді. Тек кереует жасатқан кезде матрасын қоса бермеуі де мүмкін. Көбіне тұтынушылар оны бөлек сатып алады. Бағасы 20 мың теңгеден басталады. Арзан кереуетте қосымша тарпасы болмайды, жұмсақ төсеніш те қарастырылмаған.
Таразда ең арзан кереует бағасы – 60 мың теңге. Орал қаласында – 66 мың теңге. Ал елордада баға 76 мың теңгеден басталады. Қарағанды қаласындағы баға – 80 мың теңге. Шымкент қаласында да баға сол шамада. Кереует құны – 90 мың теңге.
Қазақстанның кейбір қаласында баға 100 мың теңгеден жоғары. Олар: Екібастұз, Өскемен, Семей және Түркістан. Ал Ақтөбе, Талдықорған мен Петропавл қалаларында екі адамдық кереуетті 110 мың теңгеге жасап береді. 
Жезқазған мен Павлодарда кереует құны 120 мың теңгеден басталады. Бұл жиһаз да ағаш үгіндісі нығыздалған тақтадан жасалып, түрлі қосымда элеметтері таңдалады. Қостанайдағы баға – 125 мың теңге. 
Одан ары Қызылорда қаласы тұр. Кереует бағасы – 130 мың теңгеден. Ақтау мен Алматыда кереуетті 150 мың теңгеге сатып аласыз. Ал Атырауда 160 мың теңге және одан жоғары.

Арзан, есесіне ұзаққа шыдамайды
Пәтердегі ең маңызды бөлме – ас бөлмесі. Ас үй жиһазын да қолжетімді бағаға жасатып алуға болады. Біз ұзындығы 1,8-2 метр болатын жиһаздың бағасын білдік. Кейде дайынын да сатып алуға болады. Мұндайда өлшеп, қондыру күнін күтіп жүрмейсіз. Тағы бір ескеретін жайт бар.

Баға барлық жерде бірдей төмен емес. Сонымен бірге сапасына қарай құны өсе береді.
Ас үй жиһазының ең арзаны Шымкент қаласында сатылып жатыр. Құны 80 мың теңге және одан жоғары. Содан кейінгі орында Түркістан қаласы тұр. Баға – 100 мың теңге. Көкшетаудағы баға 115 теңге және одан жоғары болып тұр. 
Қызылорда қаласында ас үй жиһазы – 130 мың теңге. Ал Қарағанды, Астана, Атырау, Тараз, Талдықорған мен Алматы қалаларындағы баға 150 мың теңге және одан жоғары. 
Петропавлда ең арзаны 158 мың теңге екен. Ал Оралдағы баға – 173 мың теңге. Ақтау мен Екібастұзда ас үй жиһазын 180 мың теңгеге жасап береді. 
Қостанай, Жезқазған, Павлодар, Өскемен мен Семейде ең арзаны – 200 мың теңге. Ас үй жиһазы Ақтөбеде қымбат болып шықты. Бағасы 220 мың теңгеден басталады. Айтып өтелік, көп жерде бөліп төлеу арқылы алуға болады. Еске салсақ, бұған дейін еліміздегі жекеменшік балабақшалардың қызмет көрсету құны туралы жазылды.

07 қыркүйек 2025 ж. 136 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930