Қазақстанда ең қымбат қызанақтың келісі 5900 теңге тұрады, ең арзаны қанша
Фото: pixabay.com
Ұлттық статистика бюросының мәліметтері бойынша сәуірде бір келі қызанақтың орташа бағасы 1 065 теңге тұрды. Осы орайда, өңірлер бойынша ең қымбат және ең арзан қызанақтың бағасына шолу ұсынамыз. Қазір нарықта қызанақтың алуан түрі бар, оның ішінде жергілікті және импортталған өнім ұсынылады. Сәйкесінше бұл екі арада баға айырмашылығы да болады.
Ұлттық статистика бюросының мәліметтері бойынша сәуірде бір келі қызанақтың орташа бағасы 1 065 теңге тұрды. Осы орайда, өңірлер бойынша ең қымбат және ең арзан қызанақтың бағасына шолу ұсынамыз. Қазір нарықта қызанақтың алуан түрі бар, оның ішінде жергілікті және импортталған өнім ұсынылады. Сәйкесінше бұл екі арада баға айырмашылығы да болады.
Фото: Kazinform
Қызанақтың ең көп ассортименті еліміздің оңтүстік аймақтарында. Ең арзан қызанақ Таразда, келісі – 600-650 теңге. Атап айтқанда, сабағы үзілмеген қызанақ 710-750 теңге, қызғылт қызанақ 1200-1800 теңге, черри қызанағы 1350-1500 теңге тұрады.
Алматыдан кез келген талғам мен әмиянға сай қызанақ түрін табуға болады. Мұнда сіз келісі 673 теңгеден 5 мың 900 теңгеге дейінгі бағаға қызанақ сатып ала аласыз. Ең қымбат сұрыптардың бірі – «кумато» немесе халық арасында «қара қызанақ» деп аталады. Черри қызанағының арасында «бриоза» бар. Әдетте олардың қаптамадағы 0,5 келісі 1300 теңгеден басталады.
Шымкентте ең арзан қызанақты ауыл шаруашылығы жәрмеңкелерінен сатып алуға болады. Супермаркеттерде баға жоғары. Орташа алғанда, қызанақтың құны 700-1200 теңге аралығында. Черри қызанағының бір келісі 1200-2000 теңгеден сатылып жатыр. Айта кетейік, Қызылорда, Түркістан және Қонаев қалаларында қызанақ бағасы Шымкенттегі бағаға жақын.
Өскемен және Орал қаласында қызанақтың келісі 800-810 теңге.
Ақтау мен Атырауда баға шамалас – 870 теңгеден басталады, Астана мен Павлодарда да осы баға шамасында.
Ең қымбат қызанақ - солтүстік аймақтарда. Көкшетау мен Қостанайда отандық өндірістегі жылыжай қызанақтарының келісі 900-ден 1380 теңгеге дейін барады. «Қызғылт» - 1380-1400 теңге, черри - 1700-ден 4300 теңгеге дейін.
Солтүстік Қазақстан облысында сабағы үзілмеген қызыл қызанақ пен қызғылт қызанақтың бағасы 940 теңгеден басталады, черри қызанағының бір келісі 1150 теңге тұрады. Ең қымбаты – сабағы бар сары қызанақ, оның бағасы 1300 теңгеден басталады.
Қарағандыда қызанақ сұрпына байланысты келісі 1020 теңгеден 2500 теңгеге дейін барады. Павлодардағы интернет-дүкендер қызанақты 885 теңгеден бастап сатып жатыр.
Globalproductprices.com порталы қызанақтың бағасы бойынша қызықты статистиканы келтіреді. Наурыз айында Қазақстанда көкөністің орташа бағасы 2,15 доллар (шамамен 950 теңге) болды. Бұл көрсеткіш бойынша Қазақстан 77 елдің арасында 41-і қатарға орналасқан. Порталдағы мәліметке сүйенсек, ең қымбат қызанақ бағасы Оңтүстік Кореяда – 6,82 доллар, Швейцарияда – 5,45 доллар және Литвадағы – 5,37 доллар. Ең арзандары Пәкістанда – 0,5 доллар, Бангладеште – 0,56 доллар және Иорданияда – 0,69 доллар.