Қазақстанда кәді мен баялды қанша тұрады

Коллаж: Kazinform/ Canva/ Freepik
Кәдінің келісі 97 теңгеден басталады
Саяжай тұрғындары көп өсіретін осы көкөніс қазір қолайлы бағада сатылып жатыр. Осы орайда кәді Қарағандыда тиімдірек саудаланып отыр. Осы өңірде келісін 97 теңгеден табуға болады. Одан кейін Алматыда - келісі 100 теңге, ал Қонаев пен Талдықорғанда 100-ден 120 теңгеге дейін.
Жезқазған тұрғындары кәдінің келісін 120 теңгеден сатып алса, Семей мен Өскеменде 120-200 теңге аралығында.
Оралда кәдінің келісі 150 теңге, Түркістанда - 200 теңге, Павлодарда - 300 теңге, Астанада 295 теңге шамасында. Сондай-ақ Таразда осы көкөністің орташа бағасы 300 теңге.
350-ден 400 теңгеге дейінгі бағалар Петропавл, Қызылорда, Көкшетау, Қостанай және Ақтөбе қалаларында тіркелген. Ақтауда бір келісінің бағасы 500 теңге, ал Атырау мен Шымкентте 550 теңгеге дейін барады. Бұл тұрғыда осы қалаларда кәді ең жоғары бағада екенін байқауға болады.

Баялдының келісі 890 теңгеге дейін жеткен
Баялдының ең қолайлы бағасы Таразда байқалды, оның келісі 200-240 теңге тұрады. Алматыда оны 200-350 теңгеге, Түркістанда 300-350 теңгеге, ал Шымкентте 300-450 теңге аралығында сатып алуға болады.
Одан кейінгі орында Қонаев (350-400 теңге) және Қызылорда (350 теңге) тұр.
Павлодар мен Талдықорғанда жаңа піскен баялдының келісі 400 теңге шамасында болады. Көкөністің бағасы Қарағандыда сәл жоғары – 455 теңге. Жезқазған мен Ақтөбеде құны 550 теңге, Қостанайда - 590 теңге.
Семей мен Өскеменде оның құны 600 теңге болса, Астанада 619 теңге тұрады.
Көкшетаулықтар көкөністі 650 теңгеден, Атырау мен Ақтауда келісін 700 теңгеден сатып алады. Петропавлда – 700 теңгеден 750 теңгеге дейін.
Ең жоғары баға Оралда болды – баялдының келісі 890 теңге.