Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Нөсер жаңбыр, бұршақ: Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады

Нөсер жаңбыр, бұршақ: Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады

Республиканың оңтүстігінде жауын-шашынсыз ауа райы антициклон жотасының ықпалында болады.
Фото: PixabayФото:
Pixabay

Қазақстанда алдағы сәрсенбі, 2025 жылғы 13 тамызда, найзағай ойнап, нөсер жаңбыр мен бұршақ жауады, сондай-ақ аптап ыстық болады. Бұл туралы "Қазгидромет" РМК баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Гидрометорталықтың мәліметінше, республиканың оңтүстігінде жауын-шашынсыз ауа райы антициклон жотасының ықпалында болады.
"Солтүстік-батыс циклоны және онымен байланысты атмосфералық фронттар әсерінен батыста, солтүстікте, шығыста және еліміздің орталығында найзағайлы жаңбыр жауады, солтүстік-батыста және солтүстікте бұршақ аралас қатты жаңбыр, екпінді жел күтіледі. Республика бойынша жел күшейеді, түнде және таңертең солтүстікте – тұман, күндіз оңтүстікте – шаңды дауыл болады", - делінген "Қазгидромет" хабарламасында.
Болжамға сәйкес, күндіз:
Қатты ыстық
  • Алматы, Жамбыл, Жетісу облыстарында – +35…+38°C дейін.Өте қатты ыстық
  • Батыста, Алматы облысының орталығында, Жетісу облысының оңтүстігінде – +40…+41°C дейін.
  • Сондай-ақ синоптиктер бірқатар өңірлерде өрт қаупі болатынын хабарлады:
    Жоғары өрт қаупі – Батыс Қазақстанда, Атырау облысының солтүстігі мен батысында, Ақтөбе облысының батысы мен шығысында, Қызылорда облысының орталығында, Жамбыл облысының оңтүстігі мен орталығында, Абай облысының солтүстік-батысында, Ұлытау облысының орталығында, Жетісу облысының батысы, солтүстігі мен орталығында, Маңғыстау облысының оңтүстік-батысы мен орталығында, Алматы облысының оңтүстігінде.
    Аса жоғары өрт қаупі – Түркістан, Қызылорда облыстарында, Батыс Қазақстан облысының батысында, Маңғыстау облысының солтүстік-батысы, солтүстігі, шығысы мен оңтүстігінде, Алматы облысының батысы, солтүстігі мен шығысында, Жамбыл облысының солтүстігі, батысы мен шығысында, Атырау облысының оңтүстігі мен шығысында, Қостанай, Ақтөбе, Қарағанды облыстарының оңтүстігінде, сондай-ақ Ұлытау, Абай облыстарында.


13 тамыз 2025 ж. 142 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031