-6°С-қа дейін суық: Бүгін еліміздің бірнеше өңірінде ауа райы қолайсыз болады
Сонымен қатар еліміздің бірқатар өңірінде өрт қаупі жоғары деңгейде сақталады.
Фото: Pixabay

Қазақстанда жұма күні, 2025 жылдың 10 қазанында, елдің басым бөлігінде жаңбырсыз ауа райы күтіледі. Дегенмен, кей өңірлерде аяз бен жауын-шашын тұрғындарды әбігерге салмақ, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
"Қазгидромет" РМК мәліметінше, аяздар келесі өңірлерде күтіледі:
- Жетісу облысында – түнде -1°С-тан -6°С-қа дейін,
- Алматы облысының солтүстігі мен оңтүстігінде – -1°С-тан -3°С-қа дейін,
- Жамбыл облысының батысы, солтүстігі және таулы аймақтарында – -1°С-тан -3°С-қа дейін.
"Қазақстан аумағының басым бөлігінде жоғары қысым өрісінің әсерінен жаңбырсыз ауа райы күтіледі. Тек республиканың батысы мен солтүстігінде атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты жаңбыр мен қар жауады. Солтүстік, оңтүстік және батыс аймақтарда жел күшейіп, ал батыс пен оңтүстікте шаңды дауыл болуы ықтимал. Сондай-ақ орталық және оңтүстік-шығыста тұман түседі", - делінген синоптиктердің болжамында.
Сонымен қатар еліміздің бірқатар өңірінде өрт қаупі жоғары деңгейде сақталады:
- Жоғары өрт қаупі — Маңғыстау облысында, Батыс Қазақстан облысының батысы, солтүстігі мен орталығында, Атырау облысының солтүстік-шығысы мен батысында, Ақтөбе облысының оңтүстігі мен солтүстігінде, Жамбыл облысының орталығында, Қостанай мен Ақмола облыстарының оңтүстік-батысында, Ұлытау облысының шығысы мен Абай облысының оңтүстігінде.
- Төтенше өрт қаупі — Қызылорда облысында, Түркістан облысының батысы, солтүстігі, оңтүстігі және шөлді аймақтарында, Атырау облысының солтүстігі, шығысы мен оңтүстігінде, Жамбыл облысының батысы мен солтүстігінде, Батыс Қазақстан облысының солтүстік-батысы, оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында, Ақтөбе облысының батысы, солтүстік-шығысы және орталығында, Алматы облысының солтүстігінде, Ұлытау облысының оңтүстігі мен Қостанай облысында күтіледі.