Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Бүгін еліміздің қай өңірлерінде аптап ыстық болады?

Бүгін еліміздің қай өңірлерінде аптап ыстық болады?

Болжам бойынша, еліміздің басым бөлігіне циклон және оған байланысты атмосфералық фронтальды бөліктер әсер етеді.
Фото: pixabayФото: pixabay

Синоптиктер 2025 жылғы 7 шілде, дүйсенбі күні ел аумағында ауа райы қандай болатынына болжам жасады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Болжам бойынша, еліміздің басым бөлігіне циклон және оған байланысты атмосфералық фронтальды бөліктер әсер етеді.
"Осыған байланысты Қазақстанда ауа райы тұрақсыз болады — найзағайлы жаңбыр жауады, ал солтүстік пен шығыста нөсер күтіледі. Сондай-ақ солтүстік, шығыс және орталық өңірлерде бұршақ жаууы ықтимал", - деп хабарлады "Қазгидромет" РМК.
Ал батыс, оңтүстік және оңтүстік-шығыс өңірлерде антициклонның ықпалынан жаңбыр жаумайды.
Жалпы республика бойынша жел күшейеді. Солтүстік пен шығыста — дауыл, ал солтүстік-батыста түнде және таңертең — тұман түседі.
  • Алматы облысында күндізгі ауа температурасы +35° дейін ысиды.
  • Қызылорда облысында ауа температурасы +40°-қа дейін көтеріледі.
  • Ұлытау облысында және Жетісу облысының шығысы мен солтүстігінде +35…+37° ыстық болады.
Өрт қаупі:
Жоғары өрт қаупі: Маңғыстау, Атырау, Алматы облысының оңтүстігі мен шығысы, Ақмола облысының батысы, Шығыс Қазақстан облысының оңтүстігі мен орталығы, Ақтөбе облысының оңтүстігі мен оңтүстік-шығысы, Ұлытау облысының орталығы.
Төтенше өрт қаупі: Жамбыл, Қызылорда, Түркістан, Жетісу, Алматы (солтүстік, батыс, орталық), Қарағанды (батыс, шығыс, оңтүстік), Ұлытау, Ақтөбе (орталық), Маңғыстау (солтүстік-батыс), Қостанай (оңтүстік-батыс), Абай облысының оңтүстігі.

08 шілде 2025 ж. 186 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031