Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қаруы мен қаламды қатар ұстап

Қаруы мен қаламды қатар ұстап

7 мамыр күні Қазалы ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің қолдауы, Алға ауылдық округі әкімі аппараты, Үрмәш Түктібаев ауылдық клубы мен кітапхананың ұйымдастыруымен Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығы қарсаңында соғыс ардагері, майдангер ақын Әбдіразақ Қаналиевтің 105 жылдығына орай, «Айтылар естеліктер мен туралы» атты облыстық жас жазба ақындар мүшайрасы өткізілді.
Шараны Алға ауылдық округі әкімі А.Бегалиев құттықтау сөзімен ашса, Қазалы ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің бас маманы Р. Тасыбаева мүшәра мазмұнын жеткізіп, қатысушыларға сәттілік тіледі
Мүшайраға Қызылорда қаласы, Жаңақорған, Сырдария, Қармақшы, Жалағаш, Арал, Қазалы аудандарынан барлығы 10 талапкер қатысты.
Бас жүлдені Қызылорда қаласынан қатысқан Бексұлтан Санақұл жеңіп алса, бірінші орын Жаңақорған ауданынан келген Дәулет Сұлтанғалиға бұйырды. Екінші орынды жалағаштық жүйрік Сәния Жақып, бекарыстанбилік Ерқожа Шамша еншілесе, үшінші орынды Сырдария ауданының үміткері Данияр Уәлиев, қармақшылық ақын Мөлдір Тәңірбергенова иеленді. Үрмәш Түктібаев ауылынан қатысқан Ерсұлтан Өмірбайға арнайы жүлде табысталса, аралдық ақын Ақгүл Үсенова, Әйтеке би кентінен бақ сынаған Дәуірхан Қанибаев, Қазалы қаласының талапкері Ақжүніс Сейталиева дипломмен марапатталды.
Ардагерлер кеңесінің төрағасы Ө.Жаниет, Б.Қалышов, ақынның ұрпағы, ауыл тұрғыны Ғ.Ізбасханов қару мен қатар ұстаған Ә.Қаналиевтің өмір жолы туралы естеліктермен бөлісіп, қатысушыларға алғысын жетікізді.
Жеңімпаздар мен жүлдегерлер, сондай-ақ барлық қатысушылар талапкерлерге ақын ұрпақтары демеушілігімен қаржылай сыйлықтар табысталды. Келуілерге «Халық өмірінің зерек жыршысы» атты кітап көрмесі таныстырылып, көркемсөз үйірмесінің мүшелері А.Жақсыкелді мен Ә. Жақсыкелді ақын өлеңдерін оқыды.
Гүлмира НИЕТОВА
11 мамыр 2025 ж. 55 0

Тағдыр тудырған туынды

11 мамыр 2025 ж. 49

Тілегіміз – бейбіт күн

10 мамыр 2025 ж. 66

Ардагерлер ардақталды

10 мамыр 2025 ж. 70

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031