Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Жаңа ереже: Facebook енді плагиат үшін аккаунттарды бұғаттайтын болады

Жаңа ереже: Facebook енді плагиат үшін аккаунттарды бұғаттайтын болады

2025 жылдың алғашқы тоқсанында Meta 10 миллионға жуық фейк аккаунтты жойған.
Фото: PixabayФото: Pixabay

Meta енді шынайы құндылық қоспай, тек мәтін, фото немесе видеоны қайталап жариялайтын аккаунттарға қарсы шараларды күшейтпек. Ол монетизацияны шектеу, жарияланымдарды ленталарда аз көрсету, пікірлерді ұсыныстардан жасыру сияқты шектеулерді қамтиды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы Azattyq Rýhy сайтына сілтеп. 
Компания нақтылап көрсеткендей, бұл өзгерістер реакция, сатира немесе трендке қосылу мақсатында контентті пайдаланатын авторларға бағытталмаған. Негізгі нысана – пайда табу үшін мазмұнды көшіріп жариялайтындар.
2025 жылдың алғашқы тоқсанында Meta 10 миллионға жуық фейк аккаунтты жойған, 500 мыңнан астам аккаунттың монетизациясын шектеген – олардың көпшілігі спам және жасанды белсенділікпен айналысқан.
Meta енді видеолардың көшірмесі анықталған жағдайда, қолданушыларды түпнұсқа дереккөзге бағыттайды.
Meta AI slop деп аталатын – генеративті жасанды интеллект көмегімен жасалған сапасыз мазмұнның көбеюіне байланысты алаңдаушылық білдірді. Осыған орай компания басылымдарға оригиналды баяндауға көңіл бөлуге, жасанды интеллектпен жасалған контентке сутаңба (водяной знак) қоюға кеңес беріп отыр.
Сондай-ақ автоматты түрде жасалған, бірақ өңделмеген субтитрлер енді платформаның стандарттарына сәйкес келмеуі мүмкін.
Meta автоматты блоктау жүйесіне байланысты қоғамдық қысымға тап болды. Компанияны қолмен тексерусіз аккаунттарды бұғаттайды, ал нақты қолдау мен байланыс жоқ деп сынаған петицияға 30 мыңнан астам адам қол қойған.
Бұл әсіресе шағын бизнес өкілдеріне кері әсер етуде. Meta әзірге бұл мәселеге қатысты ресми пікір білдірген жоқ.
Meta жаңа ережелерді біртіндеп енгізуді жоспарлап отыр, бұл авторларға бейімделуге мүмкіндік береді. Жарияланым иелері Facebook Professional Dashboard арқылы өз аккаунтының жағдайын бақылап, қолдау бөлімінен қажетті ақпарат ала алады.
Соңғы ашық есепке сәйкес, Facebook қолданушыларының 3%-ында фейк аккаунттар болған, ал 2025 жылдың қаңтар-наурыз айларында Meta 1 миллиард жалған аккаунтқа қарсы шара қолданған.
Сондай-ақ Meta АҚШ-та фактчекингтен біртіндеп бас тартып, оның орнына Community Notes жүйесін енгізуде. Ол Twitter (X) платформасындағы жүйеге ұқсас, мұнда қолданушылар мен модераторлар контенттің дұрыстығын бірлесіп бағалайды.

17 шілде 2025 ж. 179 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031