Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру аударымдары және жарналары туралы

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру аударымдары және жарналары туралы

ҚР 2015ж. 16 қарашадағы №405-V ҚРЗ «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы» Заңының 31-бабының негізінде төлеушінің
1) дара кәсіпкерлер және заңды тұлғалар, жеке практикамен айналысатын адамдар – кірістер төленген айдан кейінгі айдың 25-інен кешіктірмей;
2) дара кәсіпкерлер және заңды тұлғалар жеке практикамен айналысатын адамдар өз пайдасына – ай сайын, есепті айдан кейінгі айдың 25-інен кешіктірмей төлемдер мен аударымды жүргізеді делінген.

Құрметті салық төлеуші! МӘМС жарналары мен аударымдарын және де басқа да міндетті әлеуметтік төлемдерді ай сайын, әр айдың 25-нен кешіктірмей жүргізудің міндеттілігін жеткізе отырып, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдарды және жарналарды төлемеуі, аудармауы, уақытылы және толық төлемеуі түрінде орындамауы ҚР «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» кодексінің 92-1 бабының 1 тармағымен – ескерту түріндегі әкімшілік жаза қолданылатындығы, бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекеттер осы Кодекстің 91-1-2 бөлігінде – міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға төленбеген, уақытылы және толық төленбеген аударымдар және жекеше нотариустарға, жеке сот орындаушыларына, адвокаттарға, кәсіби медиаторларға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға жарналар сомасының жиырма, орта кәсіпкерлік суъектілеріне – отыз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне елу пайыз мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғатындығын ескертеді.

Толық ақпаратты Қазалы ауданы, Әйтеке би кенті, Пірімов көшесі 3-үйде орналасқан Қазалы ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының «Салық төлеушілермен жұмыс» бөлімінен немесе 22-1-47 телефоны арқылы алуға болатындығын білдіреміз.

Г.Жаксыбаева,
Қазалы ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының бас маманы

30 қараша 2023 ж. 158 0

Ұлттық тәрбие құндылығы

07 қыркүйек 2024 ж. 70

Зейін неге тұрақсыз?

07 қыркүйек 2024 ж. 69

Бірлік пен берекенің ұясы

07 қыркүйек 2024 ж. 69

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30