Қазақстандық академиктер өмір бойы стипендия алатын болады
Сурет: Zakon.kz/Максим Золотухин
Ғылым және жоғары білім министрлігі Үкіметтің "зейнеткерлік жасқа толған ҚР Ғылым Академиясына ай сайынғы өмірлік стипендияның мөлшерін белгілеу және төлеу қағидаларын бекіту туралы" қаулысын дайындады, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының зейнеткерлік жасқа толған академигіне өмір бойғы ай сайынғы стипендияның мөлшері 60 АЕК (221 520 теңге) мөлшерінде белгілесін және оны төлеу қағидалары бекітілсін",- делінген құжатта.
Өмір бойғы ай сайынғы стипендия Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексінде белгіленген зейнеткерлік жасқа толған Қазақстан Республикасының азаматы болып табылатын ҰҒА академигіне белгіленеді.
Уәкілетті орган:
стипендия төлеуді қаржылай қамтамасыз етуді;
стипендияның төленуін есепке алуды және бақылауды жүзеге асырады.
Стипендия алуға үміткер ҰҒА академигі ҰҒА-ға мынадай құжаттарды ұсынады:
еркін нысанда стипендияны төлеуге өтініш;
ҰҒА академигі мәртебесін растайтын құжат (ҰҒА академигі мәртебесін беру туралы ҰҒА отырысының хаттамасынан үзінді);
Қазақстан Республикасының азаматтығын растайтын құжат (Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігінің немесе паспортының көшірмесі);
екінші деңгейдегі банк айқындайтын нысан бойынша шоттың болуы туралы банк анықтамасы.
Құжаттарды ұсынылған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде ҰҒА оларды қарау үшін уәкілетті органға жібереді.
Уәкілетті орган үш жұмыс күні ішінде өтінішті қарайды, мақұлдайды не оны қайтарады. Мақұлдаған жағдайда уәкілетті орган стипендия тағайындау туралы тиісті бұйрық шығарады, онда төлем мерзімі басталатын күн көрсетіледі, бас тартылған жағдайда ҰҒА-ға бас тарту себептері көрсетілген хат жібереді.
Стипендияны уәкілетті орган ай сайын, есепті айдан кейінгі айдың оныншы күніне дейін ағымдағы шотқа аудару жолымен төлейді.
ҰҒА ай сайын 25-ші күнге дейінгі мерзімде уәкілетті органға туған күнін, азаматтығын, мамандығын, сайлау хаттамасының күнін көрсете отырып, өмір бойғы ай сайынғы стипендия алуға зейнеткерлік жасқа толған ҰҒА академиктерінің жаңартылған тізімін жібереді.
Степендия төлеу келесі жағдайларда тоқтатылады:
ҰҒА академигі қайтыс болған (қайтыс болу туралы анықтама/куәлік);
ҰҒА академигі хабар-ошарсыз кеткен немесе қайтыс болды деп жарияланған;
ҰҒА құрамынан шығарылған (ҰҒА төралқасы отырысының хаттамасынан үзінді);
Қазақстан Республикасының азаматтығы тоқтатылған жағдайларда тоқтатылады.
Көрсетілген жағдайлардың бірі орын алған кезде ҰҒА ақпарат алған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде негіздемесін көрсете отырып, уәкілетті органды стипендия төлеуді тоқтату қажеттілігі туралы жазбаша хабардар етеді.
Қаулы 2024 жылғы 1 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізіледі деп болжануда.
Құжат 2 тамызға дейін қоғамдық талқылау үшін Ашық НҚА сайтында орналастырылған.