ПАРТИЯЛЫҚТАР САЙЛАУАЛДЫ БАҒДАРЛАМА АЯСЫНДА ІСКЕ АСЫРЫЛҒАН ЖАҢА НЫСАНДАРДЫ КӨРДІ
Наурыз айында «AMANAT» партиясының сайлауалды бағдарламасын іске асыру аясында Жанқожа батыр ауылында «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында бой көтерген 300 орындық жаңа мектептің салтанатты ашылу рәсімі өтті. Бұл жаңа білім ошағы ауылдағы апатты жағдайдағы мектептің мәселесін шешті.Сондай-ақ, Наурыз мерекесі қарсаңында Ақтан батыр ауылына табиғи газ жеткізіліп, көгілдір отынға қосу рәсімі де өткізілген болатын. Бұл ауыл тұрғындары үшін аса маңызды әрі көптен күткен жаңалықтардың бірі болды.
Бүгін осы маңызды әлеуметтік нысандарды аудандық партия филиалының Атқарушы хатшысы, аудандық мәслихат депутаты Нұрғиса Жалғасбаев, Партиялық бақылау комиссиясының төрағасы, аудандық мәслихат депутаттары Әділбек Сарабеков пен комиссия мүшесі Ерболат Мұхаш барып көрді.
Аталған нысандардың құрылысы кезінде партия тарапынан партиялық бақылау бекеттері орнатылып, тұрақты түрде бақылау жүргізіліп отырды. Бүгінде бұл нысандарда «AMANAT» партиясының сайлауалды бағдарламасы аясында іске асырылғанын айқындайтын арнайы тақтайшалар орнатылды.
#AMANAT














