Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазалы аграрлы-техникалық колледжі – жұмысшы мамандар даярлайтын еліміздегі бірден бір оқу орны

Қазалы аграрлы-техникалық колледжі – жұмысшы мамандар даярлайтын еліміздегі бірден бір оқу орны

Бүгін аудан әкімі Алмасбек Есмаханов Қазалы қаласындағы Қазалы аграрлы-техникалық колледжіне барып, колледждің оқу-өндірістік жұмыстарымен және материалдық-техникалық базасымен танысты. Колледж директоры Арман Мусаев оқу ордасының соңғы жылдары қол жеткізген жетістіктерін тілге тиек етіп, мамандыққа үйрететін өндірістік сабақтарды жүргізуге арналған заманауи техникалармен таныстырды.
Қазалы аграрлы – техникалық колледжі - 70 жылдан астам тарихы бар, еліміздің индустриясы мен экономикасына жұмысшы кадрлары мен орта буын мамандарын даярлап отырған іргелі оқу орны. Бүгінде колледжде 308 білім алушы 8 мамандық және 12 біліктілік бойынша білім алуда. Оның ішінде биыл колледжге мемлекеттік тапсырыс негізінде 125 студент қабылданды.
Қазалы аграрлы-техникалық колледжі 2020 жылы республикалық «Жас маман» жобасының облыс бойынша алғашқы жеңімпазы атанды. Жоба шеңберінде республикалық бюджеттен қаржы бөлініп, 2 мамандық бойынша төрт зертхана, үш шеберхана және оқу алаңы жабдықталды. Сонымен қатар, «Жас маман» жобасы аясында алғаш рет колледжге Германия, Италия мемлекеттерінен заманауи құрал-жабдықтар сатып алынды. Қазіргі таңда студенттер оқу-өндірістік шеберханаларда шетелдік құрал-жабдықтарды емін-еркін үйреніп, меңгеріп жатыр. Нәтижесінде екі мамандық бойынша құзіреттілік орталығы ашылып, жұмыс істеп тұр.
Аудан басшысы колледж жанындағы жылыжай жұмысымен де танысты. Колледжде оқитын «Жеміс және көкөніс шаруашылығы» мамандығының білім алушылары өндірістік оқыту сабақтарында жылыжайға қияр өсіріп, жылына үш мәрте жемісін алып отыр.
Аудан әкімі Алмасбек Әбілқасымұлы «Жас маман» жобасы бойынша заманға сай құрал-жабдықтармен жабдықталған колледж ұжымының жұмысына сәттілік тілеп, бәсекеге қабілетті маман даярлауда аянбай еңбек ете беруге шақырды.
16 қазан 2025 ж. 65 0

Қазақстанда күн күрт суытады

06 желтоқсан 2025 ж. 165

Ұрпаққа бағыт, білімге мақсат

06 желтоқсан 2025 ж. 129

Мәңгілік сағыныш

06 желтоқсан 2025 ж. 116

Ұстаздар үздіктер сапында

06 желтоқсан 2025 ж. 123

Өмірін әнмен әрлеген әжелер

06 желтоқсан 2025 ж. 115

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031