Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Заманауи құрылғылармен жабдықталған колледж

Заманауи құрылғылармен жабдықталған колледж

Бүгін аудан әкімі Мұхтар Оразбаев Қазалы аграрлы-техникалық колледжіне барып, оқу-өндірістік базасымен танысты.
Колледж директоры Арман Мусаев оқу ордасының соңғы жылдары қол жеткізген жетістіктерін тілге тиек етіп, арнайы пәндерге қажетті замануи техникалармен таныстырды.
Қазалы аграрлы-техникалық колледжі 2020 жылы «Жас маман» жобасының жеңімпазы атанды. Жоба шеңберінде республикалық бюджеттен қаржы бөлініп, 2 мамандық бойынша төрт зертхана, үш шеберхана және оқу алаңы жабдықталды.
Сонымен қатар, «Жас маман» жобасы аясында алғаш рет колледжге Германия, Италия мемлекеттерінен заманауи құрал-жабдықтар сатып алынды. Қазіргі таңда студенттер оқу-өндірістік шеберханаларда шетелдік құрал-жабдықтарды емін-еркін үйреніп, меңгеріпжатыр. Нәтижесінде екі мамандық бойынша құзіреттілік орталығы ашылды. Колледж 2020-2021 оқу жылында жаңа жіктеуіш бойынша 21 мамандық 44 біліктілікке лицензия алған.
Аудан басшысы колледж жанындағы жылыжай жұмысымен де танысты. Колледж қызметкерлері мұнда қияр егіп, қазіргі таңда жемісін алып отыр.
Аудан әкімі Мұхтар Оразбаев «Жас маман» жобасы бойынша заманауи құрал-жабдықтармен жабдықталған колледж ұжымына сәттілік тілеп, бәсекеге қабілетті маман даярлауда аянбай еңбек ете беруге шақырды.
«ҚАЗАЛЫ» ақпарат
03 маусым 2021 ж. 841 0

Табиғаттың тілі жоқ

05 мамыр 2024 ж. 59

Шаттық ұялаған шаңырақ

04 мамыр 2024 ж. 111

Сақтық – саулық кепілі

04 мамыр 2024 ж. 121

Маңызды мәжіліс

04 мамыр 2024 ж. 86

Ынтымағы жарасқан

03 мамыр 2024 ж. 111

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031