Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстанда ІІМ-нің үш мың қызметкері жұмыссыз қалады

Қазақстанда ІІМ-нің үш мың қызметкері жұмыссыз қалады

Қазақстандағы бірнеше мың полиция қызметкері жұмыстан шығарылады. Бұл туралы үкіметтің «Министрліктер мен басқа да орталық атқарушы органдардың штат санының лимиттерін олардың аумақтық органдары мен оларға бағынатын мемлекеттік мекемелердің санын ескере отырып бекіту туралы» қаулысына енгізілетін өзгерістерде айтылған. Қысқарту 2021 жылдың мамырында болады.
Ішкі істер министрлігінің әртүрлі мемлекеттік нысандардың қауіпсіздігін қамтамасыз ететін мамандандырылған күзет бөлімшелерінің қызметкерлері жұмыссыз қалады. Жаңа жарлықтың жобасында бұл қысқарту 2021 жылдың 1 мамырына жоспарланған деп көрсетілген.
Прокуратураның, Жоғарғы Соттың және басқаларының ғимараттары полиция күзететін нысандар тізімінен шығарылған. Мемлекеттік қорғау олардан аластатылған, ал жеке құрылымдар мұны конкурстық негізде жүзеге асырады.
«ҚР Үкіметінің 2018 жылғы 27 желтоқсандағы №897 қаулысымен бекітілген 2019-2021 жылдарға арналған ҚР-ның ішкі істер органдарын жаңғыртудың Жол картасының 24-тармағын іске асыру шеңберінде Мамандандырылған күзет бөлімдерінің 2 924 штат бірлігі қысқарады», – делінген құжатта.
Үкімет бұл іс-шаралар қосымша бюджеттік шығындарды қажет етпейді деп уәде етті.
Ішкі істер министрлігінің штатында қазір 126 мыңнан астам адам бар, 13 мыңнан астамы мамандандырылған күзет бөлімдерінде жұмыс істейді.
25 наурыз 2021 ж. 2 289 0

Ісі ілгерілеген өндіріс

23 қараша 2024 ж. 73

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930