Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстанда жер құжатының бірнешеуі алынып тасталды

Қазақстанда жер құжатының бірнешеуі алынып тасталды

Мамин Цифрландыру жөніндегі комиссияның отырысын өткізді. ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин ҚР Президенті жанындағы Цифрландыруды енгізу мәселелері жөніндегі комиссияның отырысын өткізді, деп хабарлайды ERNUR.KZ

"Цифрлық Қазақстан" мемлекеттік бағдарламасын жетілдіру, ішкі істер органдарын цифрландыру және жер телімдері мен инженерлік коммуникациялардың цифрлық картасын жасау мәселелері қаралды. Атқарылып жатқан жұмыстар туралы цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Б.Мусин, ішкі істер министрі Е.Тұрғымбаев, ауыл шаруашылығы министрі С.Омаров, индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Б.Атамқұлов, энергетика министрі Н.Ноғаев баяндама жасады.
Жер қоры және жылжымайтын мүлік объектілері туралы ұлттық дерекқорды құру шеңберінде "Жылжымайтын мүліктің бірыңғай мемлекеттік кадастры" ақпараттық жүйесін қалыптастыру, кеңістіктік деректердің Ұлттық инфрақұрылымын және цифрлық ауыл шаруашылығы карталарын әзірлеу бойынша жұмыс жүргізілуде. Жер ресурстарын цифрландыру қорытындысы бойынша, бүкіл ҚР аумағында ашық пайдаланылатын цифрлық карта, жер қатынастары және сәулет саласында электрондық қызметтер көрсету құрылып, жер учаскелеріне құқық беру мерзімі 1 жылдан 20 күнге дейін қысқартылады, мемлекеттік акті, жерге орналастыру жобасы, сондай-ақ жер комиссиясы алынып тасталады. Жалпы, "Цифрлық Қазақстан" мемлекеттік бағдарламасын өзектендіру аясында ағымдағы 125 іс-шараға қосымша 145 жаңа іс-шара, 3 жаңа индикатор және 41 көрсеткіш әзірленді. Осылайша, мемлекеттік бағдарламаның жаңа нұсқасында 15 индикатор, 67 көрсеткіш және 270 іс-шара қамтылған.
Мемлекеттік бағдарламаны іске асыру нәтижесінде 2025 жылға қарай мемлекеттік қызметтердің 100%-ын онлайн-форматқа көшіру, цифрландыру саласына инвестициялар көлемін 500 млрд теңгеге дейін жеткізу, IT және электрондық өнеркәсіп экспортының көлемін 200 млрд теңгеге дейін жеткізу, 1 мыңнан астам жаңа инновациялық компанияларды құруға және 100 мың IT-мамандарды даярлауға ықпал ету жоспарлануда. Премьер-Министр Үкімет отырысында қарастыру үшін "Цифрлық Қазақстан" мемлекеттік бағдарламасының жаңартылған редакциясының жобасын енгізуді тапсырды.

24 қазан 2020 ж. 1 203 0

Байқауда бағы жанғандар

11 желтоқсан 2024 ж. 269

Білім туралы құжаттарды тану

11 желтоқсан 2024 ж. 157

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031