Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақ тіліне бұрынғыдай көңіл бөліне береді – Тоқаев

Қазақ тіліне бұрынғыдай көңіл бөліне береді – Тоқаев

Тоқаев қазақ тілі туралы
Фото: Ақорда
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Душанбедегі “Орталық Азия – Ресей” саммитінде Ресей мен Орталық Азия елдері сан қырлы мәдени-гуманитарлық байланыстарды дамытуға баса назар аударуы қажет екенін айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Президент Ресей мен Орталық Азия елдері сан қырлы мәдени-гуманитарлық байланыстарды дамытуда жалпы ортақ құндылығымыз саналатын орыс тілінің орны ерекше екенін атап өтті.
“Бірлескен күш-жігердің арқасында Халықаралық орыс тілі ұйымын құрғанымыз қуантады. Оның штаб-пәтері Сочи қаласында орналасқан. Ел алдында сөйлеген сөздерімде қазақ жастарының орыс тілін жетік меңгергені маңызды екенін айтып жүрмін”, – деді Тоқаев.
Десе де ол мұның қазақ тілінің мемлекеттік мәртебесін одан әрі нығайтуға бағытталған жүйелі жұмыстарға кедергі келтірмейтінін жеткізді.
“Құдай берген ана тілдеріміз конституциялық тәртіппен мемлекеттік мәртебеге ие болды. Сондықтан қазақ тіліне бұрынғыдай көңіл бөліне береді. Жастарымыз биліктің қолдауымен екі, тіпті үш-төрт тілді оңай меңгере алатынына сенімдімін. Мұндай мысалдар әлемде аз емес. Анығын айтқанда, Қазақстандағы жағдай осындай. Еліміздің әр азаматы өзіне ыңғайлы тілде сөйлеуге құқылы. Бұл – "Бірлігіміз – әралуандықта" деп аталатын ұлттық саясатымыздың өзегі”, – деді мемлекет басшысы.

10 қазан 2025 ж. 333 0

Уақып - сарқылмас қазына

26 маусым 2026 ж. 97

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930