Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » «Елге қайта кіруге тыйым салынуы мүмкін»: Еңбек министрлігі Оңтүстік Кореяда заңсыз жүрген қазақстандықтарға ескерту жасады

«Елге қайта кіруге тыйым салынуы мүмкін»: Еңбек министрлігі Оңтүстік Кореяда заңсыз жүрген қазақстандықтарға ескерту жасады

Қазақстаннан шетелге табыс табуға шыққандардың жалпы саны 126 мың адамға жеткен. «Елге қайта кіруге тыйым салынуы мүмкін»: Еңбек министрлігі Оңтүстік Кореяда заңсыз жүрген қазақстандықтарға ескерту жасады
Фото: www.istockphoto.com

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бірінші вице-министрі Асқарбек Ертаев Сенат кулуарында Оңтүстік Кореяда заңсыз жүрген қазақстандықтарға қатысты түсініктеме берді, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Асқарбек Ертаев заңсыз жүрген азаматтардың елден шығарылып, қайта кіруге тыйым салынуы мүмкін екенін айтты.

"Оңтүстік Кореяның көші-қон заңнамасын сақтаған дұрыс. Егер адам заңсыз жұмыс істеп жүрсе, біздің ұсыным: ол Кореядан шығып, Қазақстанда келісім аясында оқудан өтіп, кейін сол елде ресми түрде жұмысқа орналасуы қажет", – деді ол.

Оның айтуынша, елден шығуға ешқандай кедергі жоқ.

"Тек кету кезінде азаматтың заңсыз жүргені тіркеледі. Бұл мәлімет базаға енгізіледі. Яғни, ол Қазақстан азаматы заңсыз жүрген тұлға ретінде белгіленеді. Бірақ шығуға шектеу жоқ", – деді вице-министр.

Оның айтуынша, заңды түрде жұмыс істейтін қазақстандықтар заңсыз жүргендерге қарағанда әлдеқайда көп табыс таба алады.

"Легалды жұмыс істейтін азаматпен еңбек шарты жасалады. Ол бойынша көлікпен қамтамасыз ету, медициналық қызмет көрсету, сақтандыру және басқа да әлеуметтік қолдау шаралары қарастырылған. Бұған қоса, жалақысы да әлдеқайда жоғары. Сондықтан заңды жолмен жұмыс істеу әлдеқайда тиімді", – деп түйіндеді вице-министр.

Айта кетейік, Қазақстаннан шетелге табыс табуға шыққандардың жалпы саны 126 мың адамға жетті. Оның ішінде 11 мыңы Оңтүстік Кореяда заңсыз еңбек етіп жүр. Осы мәселені реттеу үшін Корея тарапы біздің азаматтарды заңдастыруға бірқатар талап қойған.
09 қазан 2025 ж. 205 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031