Топ-баннер
Топ-баннер2
Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Оңтүстік Кореяда заңсыз жүрген қазақстандықтарға маңызды ескерту жасалды

Оңтүстік Кореяда заңсыз жүрген қазақстандықтарға маңызды ескерту жасалды

Оңтүстік Кореяда заңсыз жүрген қазақстандықтарға маңызды ескерту жасалды
Фото: depositphotos.com
Қазір Оңтүстік Кореяда 11 мыңға жуық қазақстандық заңсыз жүр. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бірінші вице-министрі Асқарбек Ертаев оларға Кореядан өз еркімен шығуға кеңес берді, - деп хабарлайды Massaget.kz.
Шенеуніктің сөзінше, Оңтүстік Кореяда жүрген 15 мың қазақстандықтың 11 мыңы заңсыз жұмыс істейді. Әзірге біздің тарап еңбек қызметін заңдастыру туралы келісімге келе алмаған.
"Оңтүстік Кореямен арадағы келісім қарастырылып жатыр. Екі жыл бойы келіссөз жүргізіп келеміз, Оңтүстік Кореядағы саяси жағдайға байланысты біраз тоқтап қалды. Күздің аяғына дейін келіссөзді жалғастырамыз. Себебі 15 мың азаматтың 11 мыңы заңсыз жұмыс істейді", - деді ол.
Оның айтуынша, Корея тарапы Қазақстаннан заңсыз жүрген азаматтар бойынша шара қабылдауды талап еткен.
"Азаматтардың заңсыз жүруі - көші-қон заңнамасын бұзу. Көші-қон заңнамасын сақтаған жөн. Адам заңсыз жұмыс істесе, мынадай ұсыныс жасалады: Кореядан кетіп, келісім аясында заңды түрде жұмысқа тұруы керек", - деді Асқарбек Ертаев.

09 қазан 2025 ж. 729 0

Үш облыста жол ашылды

10 наурыз 2026 ж. 131

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031