Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстандықтар ең жиі қай елдерге жұмыс істеуге барады – Еңбек министрлігі түсіндірді

Қазақстандықтар ең жиі қай елдерге жұмыс істеуге барады – Еңбек министрлігі түсіндірді

Фото: pixabay
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бірінші вице-министрі Асқарбек Ертаев 9 қазан 2025 жылы Сенат кулуарында шетелде жұмыс істеп жүрген қазақстандықтар туралы мәліметпен бөлісті, деп хабарлайды Zakon.kz.
Оның айтуынша, бүгінде шетелде 126 мың қазақстандық еңбек етіп жүр.

Олардың ішінде:
102 мыңы – Ресейде,
15 мыңы – Оңтүстік Кореяда,
2 мыңы – Ұлыбритания мен Еуропалық Одақ елдерінде жұмыс істейді.
"Басқа мәселе – барлық елдермен еңбек қызметін реттеу туралы келісімдер жасалмаған. Мысалы, Ұлыбританиямен биыл тиісті меморандумға қол қойдық. Ал Оңтүстік Кореямен келісім жобасы қазір қаралу сатысында. Екі жыл келіссөздер жүргіздік, елдегі саяси жағдайға байланысты үзіліс болды. Биыл күзде қайта жалғастырамыз. Себебі Кореяда жүрген 15 мың азаматтың 11 мыңы заңсыз еңбек етіп жүр. Бұл бағытта нақты шаралар қабылдау қажет", – деді вице-министр.

Оның айтуынша, оңтүстіккореялық тарап Қазақстан азаматтарының ел аумағында заңсыз жүруіне қатысты шаралар қабылдауды талап етіп отыр.
"Қазір келіссөздер жүріп жатыр. Біздің өтініміміз Корея тарапының қарауында. Жыл соңына дейін оң шешімге қол жеткіземіз деп үміттенеміз", – деп түйіндеді Асқарбек Ертаев.
Айта кетейік, 9 қазанда Сенат Қазақстан мен Катар үкіметтері арасындағы қазақстандықтарды Катарда еңбекке орналастыруды реттеу туралы келісімді ратификациялаған болатын.
09 қазан 2025 ж. 221 0

Қазақстанда күн күрт суытады

06 желтоқсан 2025 ж. 165

Ұрпаққа бағыт, білімге мақсат

06 желтоқсан 2025 ж. 128

Мәңгілік сағыныш

06 желтоқсан 2025 ж. 115

Ұстаздар үздіктер сапында

06 желтоқсан 2025 ж. 122

Өмірін әнмен әрлеген әжелер

06 желтоқсан 2025 ж. 114

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031