Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қысқа дайындық: қамданған қапы қалмайды

Қысқа дайындық: қамданған қапы қалмайды

Фото: ашық дереккөзден алынды
Тіршілік тынысы тоқтамайтын қытымыр қысқа қамдану – ел іші үшін ерте басталатын маңызды жұмыс. Әсіресе, тұрғындарды жылумен қамтамасыз ету – әкімдік пен коммуналдық сала мамандарының басты міндеттерінің бірі. Осы ретте ауданда алдағы жылыту маусымына дайындық жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Аудан басшысының 2025 жылғы 28 сәуірдегі №119 өкімі негізінде арнайы штаб құрылып, аталған бағытта жүйелі жұмыстар қолға алынды.
Қатты отын – тоңдырмас тірек
Қыста қысылып қалмаудың басты кепілі – қатты отын қорының толықтығы. Бүгінде аудан аумағындағы әлеуметтік нысандар мен тұрғын үйлердің жылыту маусымына дайындығы басты назарда. Аудан әкімінің орынбасары Мұрат Әбсұлтановтың мәлімдеуінше, қазіргі таңда 161 мекеме мен ұйым соңғы дайындық жұмыстарын жүргізіп, қысқа толықтай әзір болуға кіріскен. Оның ішінде, 61 білім беру ұйымдары, 32 мәдениет, 34 денсаулық сақтау саласы, 8 спорт саласы және 26 басқару аппараттары бар.
Алдағы жылу беру маусымына қажетті 17,0 мың тонна (халықтың тұтынуына – 14,3 мың тонна, әлеуметтік нысандар үшін – 2,7 мың тонна) көмір және 1,9 мың тонна сұйық отын қажеттілігі жоспарланды. Жеткізуші кәсіпкерлер тарапынан тамыз-қазан айлары аралығында қатты отын тасымалдау 6,1 мың тоннаға жоспарланып отыр. Бүгінде 2 691 тонна қатты отын қоймаларға жеткізілсе, теміржол арқылы 2346 тонна көмір тасымалдануда. Осылайша бекітілген жоспардың 30 %-ы орындалып отыр.
Әлеуметтік нысандарға қажетті отын қорын жасақтауға 714,0 миллион теңге бөлініп, жеткізуші мекемелермен шарт жасалды. Білім саласы бойынша – 23 мектеп, 8 балабақша үшін 2260 тонна сұйық отынға 3 мердігер мекемемен («Раз-Мұнай-Құрылыс» ЖШС, «М.Транс сервис-2010» ЖШС, «Uniserve RK» ЖШС) шарт жасалған, қатты отын пайдаланатын 4 мектеп пен 2 балабақшаға қажетті 1350 тонна қатты отынға қаржы бөлініп, мемлекеттік сатып алу жасалуда.
Денсаулық сақтау нысандарына қажетті 280 тонна сұйық отын жеткізу үшін ФХ «Керуен» және «Раз-Мұнай-Құрылыс» ЖШС мен «Век Таі Group» ЖШС-терімен өзара әріптестік орнатылған. Спорт мекемелерін жылумен қамту мақсатында 96 тонна сұйық отын бойынша «Раз-Мұнай-Құрылыс» ЖШС және ТОО «Standart KZ» ұйымдарымен жұмыс жүргізілуде. Сонымен қатар 50 тонна қатты отын мәселесі «Век Таі Group» ЖШС арқылы шешімін тапқан. Мәдениет орталықтарын отынмен қамтуға қатысты 96 тонна сұйық, 705 тонна қатты отын жеткізуге жауапты серіктестермен тиісті құжаттар реттеліп, ынтымақтастық жолға қойылған.
Қолда бар мәліметке сенсек, ауданда қатты отынмен қамтамасыз ету мақсатында төрт көмір жеткізуші кәсіпкерлік нысан – «КапСтрой-007», «Зэру», «КазЭлит-Строй» және жеке кәсіпкер «Жалмағанбетова» тұрақты жұмыс жүргізуде. Бұл мекемелермен көмір бағасының негізсіз өсуіне жол бермеу мақсатында арнайы меморандум жасалып, тас көмір 23 000 теңге, ағаш көмір 26 000 теңге көлемінде белгіленді.
«Қазалы-Теміржолжылу» мекемесі биылғы жылыту маусымына толық дайын. Қазіргі таңда аудан орталығындағы әлеуметтік және әкімшілік нысандар, көппәтерлі және жеке тұрғын үйлерді жылумен үздіксіз қамтамасыз етуге барлық жағдай жасалған. Мекеме балансында барлығы 98 нысан тіркелген. Оның ішінде 12 теміржол, 61 тараптық ұйым, 25 бюджеттік мекеме, сондай-ақ 74 көпқабатты және 203 жеке тұрғын үй бар. Дайындық жұмыстары барысында кәсіпорын өз қаражаты есебінен 26 миллион теңге жұмсап, №3 қазандыққа күрделі жөндеу жүргізді. Сонымен қатар №1, №2 және №4 қазандықтардың қосалқы жабдықтары мен 200 метр жылу жүйелері ағымдағы жөндеуден өткізілді.
Өңірлік энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы тарапынан Қазалы жылу электр орталығын (ТЭЦ) қайта жаңғырту және жылу желілерін кеңейту бағытында екі жоба дайындалған. Бұл жобалар 2026 жылға арналған республикалық бюджеттен қаржыландыруға ұсынылып, жалпы құны 7,4 миллиард теңгені құрап отыр. Атап айтқанда, «Қазалы-Теміржолжылу» филиалының қазандығын реконструкциялау жобасын КБ «МұнайГазИнжиниринг» ЖШС әзірлеген. Жобаның құны – 2,3 миллиард теңге. Әйтеке би кентіндегі оң жақ қазандықтан Михайлюк көшесіндегі мекемелер мен тұрғын үйлерге дейінгі магистралды және кварталаралық жылу желілерін реконструкциялау жобасын «Асад-ЛТД» ЖШС дайындаған. Ұзындығы – 2,6 шақырым, құны – 1,9 миллиард теңге. Әйтеке би кентіндегі сол жақ қазандықтан Желтоқсан және Счастнов көшелеріндегі мекемелер мен тұрғын үйлерге дейінгі магистралды және кварталаралық жылу желілерін реконструкциялау» жобасы да «Асад-ЛТД» ЖШС-нің үлесімен әзірленіп, ұзындығы 3,1 шақырым, құны 3,2 миллиард теңгені құрайды. Қазіргі таңда бұл жобалар іске асқан жағдайда аудан тұрғындарын жылумен қамту сапасы айтарлықтай артып, инфрақұрылым жүйесі жаңаша деңгейге көтерілуі күтілуде.

Көгілдір отын – тұрмыстың тынысы
Тұрғындарды көгілдір отынмен қамтамасыз ету – ауданның басты әлеуметтік басымдықтарының бірі. Қазіргі таңда аудан бойынша газбен қамтудың жалпы үлесі қала мен елді мекендер бойынша 21 пайызды құрайды. Ал Әйтеке би кентінде жеке тұрғын үйлердің 75 пайызы табиғи газға қосылған.
Барлығы 15 669 үйдің ішінде 11 670-сы газбен жабдықталған. Оның ішінде Әйтеке би кентінде – 9 186 үй, Қазалы қаласында – 1400, Ғ. Мұратбаев ауылында – 290, Жалаңтөс ауылында – 182, Үйрек ауылында – 13, Қ. Пірімов ауылында – 219, Басықара ауылында – 186, Абайда – 117, Ақтан батырда – 81 үй газға қосылған.
Бүгінде газ желісі тартылған елді мекендердегі әлеуметтік нысандарды табиғи газға бейімдеу жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Ағымдағы жылы аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің ғимаратын газ жүйесіне қосу мақсатында мердігер «Қызылорда кірпіш зауыты» ЖШС-мен келісім-шарт жасалып, құрылыс жұмыстарының 90 пайызы орындалды. Нысан алдағы жылыту маусымына дейін толықтай табиғи газға қосылады. Жобаның жалпы құны – 53,2 миллион теңге.
Сонымен қатар Құмжиек ауылындағы клуб ғимаратын газға бейімдеу үшін 5,2 миллион теңге бөлініп, қазандықтары жаңартылды. Алдағы уақытта бұл бағыттағы жұмыстарды жалғастыру мақсатында жалпы құны 93,6 миллион теңгені құрайтын 5 жобаға қатысты бюджеттік өтінім облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы басқармасына ұсынылды. Атап айтсақ, Қазалы қаласы әкімшілік және клубы ғимараты, Басықара ауылдық округінің әкімшілік және клубы ғимараты, Қарашеңгел ауылдық округінің. әкімшілік ғимараты.
Аудандағы әлеуметтік нысандарды табиғи газға бейімдеу бағытында жүйелі жұмыстар атқарылуда. Табиғи газға қосылған елді мекендердегі 14 білім беру ұйымы мен 1 ауылдық мәдениет үйінің бу қазандықтарын газға бейімдеу мақсатында жобалау-сметалық құжаттамасын әзірлеуге 44,9 миллион теңге қаражат бөлінді.
Аталған жобаларды «Проект Сервис» ЖШС, «КБ МұнайГазИнжиниринг» және «Мекен Қ Ж» серіктестіктері дайындаған. Бұл жұмыстар Қазалы қаласындағы 3 мектеп пен 2 балабақшаны, сондай-ақ Ғ.Мұратбаев, Жанқожа батыр, Басықара және Абай ауылдарындағы 4 мектеп пен 4 балабақшаны, Қ.Пірімов ауылдық округіндегі 1 мәдениет үйін қамтиды. Қазіргі таңда газ желісі тартылған елді мекендердегі ауданға қарасты 13 білім беру нысаны бу қазандығы арқылы жылытылып отыр. Осы нысандарды толық газға көшіру бағытында тиісті жобалар әзірленуде.
Бұдан бөлек, аудандық білім бөлімі Ақтан батыр ауылындағы әлеуметтік нысандарды да табиғи газға бейімдеу бойынша тиісті мекемелермен бірлесіп ұсыныстар әзірлеуде. Алдағы уақытта бұл жұмыстарға қатысты бюджеттік өтінім берілмек.
Аудандық билік өкілдерінің айтуынша, 2025-2026 жылдардағы жылу маусымына дайындық пен оның өту барысы тұрақты бақылауда болады.
– «Қысқа ерте қамданғанның қысы жайлы өтеді. Сондықтан дайындық жұмыстары күн сайын пысықталып, жауапты мекемелерге нақты тапсырмалар беріліп отыр», – дейді аудан әкімінің орынбасары Мұрат Әбсұлтанов.

Арайлым ЖҮСІПОВА
07 қазан 2025 ж. 107 0

Жол сапасы бақылауда

07 қазан 2025 ж. 116

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031