Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Ауызсу – ауыл тіршілігінің арқауы

Ауызсу – ауыл тіршілігінің арқауы

Қарашеңгел ауылдық округіне қарасты Шитүбек елді мекені үшін тарихи сәт орын алды. Көп жылдан бері таза ауызсуға зәру болып келген ауыл тұрғындары енді орталықтандырылған су жүйесіне қосылып, сапалы тіршілік нәріне қол жеткізді.
Ауыз су жүйесінің іске қосылу рәсіміне аудан әкімі Алмасбек Есмаханов арнайы барып, ауыл жұртшылығын көптен күткен қуанышпен құттықтап, мемлекет тарапынан әлеуметтік инфрақұрылымды дамыту бағытында жасалып жатқан жұмыстар жайында кеңінен айтып өтті. Ол өз сөзінде:
– Мемлекет басшысының 2025 жылы Қазақстан халқын 100 пайыз таза ауыз сумен қамту жөнінде тапсырма сәйкес, биыл ауданымыздағы барлық елдімекендер орталықтандырылған ауыз сумен 100 пайыз қамтамасыз етіледі. Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың тапсырмасымен мемлекетке қайтарылған активтер қаражаты есебінен аймағымызда денсаулық сақтау, білім беру, спорт және коммуналдық инфрақұрылымды жаңғырту бағытында 14 әлеуметтік жоба іске асырылуда.
Оның ішінде Қазалы ауданы бойынша 1 медициналық және 4 ауыз-сумен қамтамасыз етуге арналған 5 әлеуметтік нысандарының құрылысы басталған болатын. Аталған жоба аясында ауданымыздағы Сарбұлақ, Шилі, Шәкен және Шитүбек елді мекендерін ауыз су желісіне қосуға республикалық, облыстық бюджеттен және қайтарылған активтер қаражаты есебінен барлығы – 1,5 миллард теңге қаржы бөлініп, бүгінде құрылыс жұмыстары толықтай аяқталып отыр. Қазыналы ауданда бұдан басқа Президентіміздің, Үкіметтің ерекше қолдауымен, аймақ басшысы Нұрлыбек Машбекұлының тапсырмасымен аудан халқының игілігіне бағытталған байыпты бастамалар мен жасампаз жобалар жүзеге асуда.
Елдің дамуы – ауылдан, ауылдың гүлденуінен басталады. Ауылдың дамуы, келешегінің зор болуы – Сіздерге, сіздердің еңбекқорлықтарыңыз бен ауызбіршіліктеріңізге тікелей байланысты.
Осы орайда, Шитүбек елді мекенінің таза ауыз су желісіне қосу жұмыстарымен айналысқан мердігер мекеме «Ансар-сервис» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің құрылысшыларына және игі іске атсалысқан барша азаматтарға шынайы ризашылығымды білдіремін. Бүгінгі үлкен қуаныш барша отбасына бақыт пен шаттық әкелсін, – деді аудан әкімі Алмасбек Әбілқасымұлы.
Ауызсу желісінің іске қосылу рәсімі ауыл тұрғындары үшін ерекше қуанышқа толы сәт болды. Жиын барысында аудан прокуроры Дарын Әбіш ауыл халқын осы қуанышпен құттықтап, бұл – халықтың тұрмыс сапасын жақсартуға бағытталған игі бастама екенін атап өтті. Ізгі істің бастамасына ауыл ақсақалы Дәуіт Сайын ақ батасын беріп, елдің ризашылығын жеткізді.
Іс-шара барысында мердігер мекеменің жұмысы да жоғары бағаланды. Ауыз су тарту жұмысын сапалы әрі белгіленген мерзімде аяқтаған мекеме өкілдері мен елдің дамуына үлес қосып жүрген азаматтар аудан әкімінің «Алғыс хатымен» марапатталды.
Салтанатты рәсімнен соң аудан әкімі ауыл тұрғындарымен кездесіп, жергілікті жердің даму жоспары, алдағы уақыттағы әлеуметтік жобалар мен шешімін күткен мәселелер жайлы айтып өтті. Сондай-ақ, тұрғындардың пікірін тыңдап, ұсыныс-тілектерге құлақ асты.
А. ЖҮСІПОВА
Фото: Қазалы ауданы әкімінің баспасөз қызметі
04 қазан 2025 ж. 17 0

Өмірі өшпес өнеге

04 қазан 2025 ж. 27

Бақытқа бастар соқпақ

04 қазан 2025 ж. 28

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031