Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Аспаптар үні асқақтаған күн

Аспаптар үні асқақтаған күн

Қазалы қаласының төрі бұл жолы ерекше күйге бөленді. Кешқұрым қатты суық өңменінен өтсе де көңілдері шайдай ашық қазалылықтардың жүрегі әуезді әнге қанық болды. Себебі ашық аспан астында облысқа қарасты қала мен аудандардан жиналған вокалды аспаптар ансамбльдері бас қосып, аудан халқына рухани азық сыйлаған керемет өнер мерекесі өтті.
Иә, қалалық мәдениет үйінің ұйымдастыруымен, Қызылорда қаласының астана болғанына 100 жыл толуына орай өткен «Әнім сенсің – Қызылорда» атты облыстық вокалды аспапты ансамбльдердің фестивалі шын мәнінде өңір руханиятының көркем көрінісіне айналды. Мұндағы мақсат – аймақтарда жұмыс жасап жатқан вокалды аспаптар ансамбльдерінің өнерін дәріптеу, оларды жаңа биікке жетелеу, талантты орындаушыларды таныту, жас ұрпақты отансүйгіштікке, туған жерге деген сүйіспеншілікке баулу. Сондай-ақ қалалар мен аудандар арасындағы шығармашылық ынтымақтастықты нығайтатын, достық пен мәдени байланысты тереңдететін маңызды алаңға айналды. Фестивальде сөз алған аудан әкімі Алмасбек Есмаханов жылы лебізін білдіріп, қатысушыларға алғыс хат пен қаржылай сертификаттар табыстады.
Фестивальға Қызылорда қаласынан «Мереке», Жаңақорған ауданынан «К-4», Шиелі ауданынан «Шиелі», Жалағаш ауданынан «Алтын-Арай», Сырдария ауданынан «DOSTAR BAND», «Ритм», Арал ауданынан «Арал», Қазалы ауданынан «Қазалы» мен «5-Аймақ» ансамбльдері қатысып, көпшіліктің ыстық ықыласына бөленді.
Фестиваль шарты бойынша ансамбльдер екі ән және бір музыкалық шығарманы өз қалаулары бойынша орындады. Олар толық аспапта ойнап, әншілер жанды дауыста ән орындады. Олардың қатарында ретро әуендер, жергілікті композиторлардың шығармалары болды. Бұл талаптар ансамбльдердің кәсіби дайындықтарын, сахнадағы үйлесімін, орындаушылық шеберліктерін айқын көрсетті. Әр ұжым өз өнері арқылы көрермен жүрегіне жол тауып, әсерлі сәттер сыйлай білді.
Көрермендер арасында шабытты күйге бөленгендер көп болды. Олар күннің суығына қарамастан орталық қарай ағылып, өнерпаздарды ерекше ықыласпен қарсы алды. Фестивальға қатысқан әрбір ансамбльге көрсетілген қошемет те, қол соғу да, ілтипат та ерекше болды. Кеш соңы мерекелік отшашумен аяқталды.
Көптің көңілінен шыққан фестивальда өнердің сазы жаңғырып, халықтың жүрегіне жол тартты. Кеш – өнерге деген құрметтің, бірлік пен рухтың мерекесі болғаны сөзсіз.
Айнұр ӘЛИ
Фото: Қазалы ауданы әкімдігі
04 қазан 2025 ж. 219 0

Маңызды ақпарат

07 желтоқсан 2025 ж. 1

Қазақстанда күн күрт суытады

06 желтоқсан 2025 ж. 166

Ұрпаққа бағыт, білімге мақсат

06 желтоқсан 2025 ж. 135

Мәңгілік сағыныш

06 желтоқсан 2025 ж. 119

Ұстаздар үздіктер сапында

06 желтоқсан 2025 ж. 126

Өмірін әнмен әрлеген әжелер

06 желтоқсан 2025 ж. 118

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031