Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » "Әнім сенсің Қызылорда" атты вокалды-аспапты ансамблдердің фестивалі өтті

"Әнім сенсің Қызылорда" атты вокалды-аспапты ансамблдердің фестивалі өтті

Қазалы қаласында Қызылорда қаласының астана болғанына 100 жыл толуына орай «Әнім сенсің – Қызылорда» атты вокалды-аспапты ансамбльдердің фестивалі өтті.
Жыл сайын дәстүрлі түрде ұйымдастырылатын шараға облыстың барлық аудандарынан келген вокалды-аспапты ансамбльдер қатысты.
Мерекелік кешке аудан әкімі Алмасбек Есмаханов қатысып, көпшілікті Қызылорда қаласының астана болғанына 100 жыл толуымен құттықтап, фестивальге қатысушыларға сәттілік тіледі.
- «Жыл сайын дәстүрлі түрде өтетін бұл фестиваль ұлттық өнерді, жергілікті дарындарды қолдаудың алаңына айналды. Бүгінгі шара аудандар арасындағы мәдени-рухани байланысты арттырып, ұлт руханиятына зор үлес қосады деп сенемін.
Мәдениет көгіндегі темірқазықтай жұлдыздарымыз, Халық қаһарманы Роза Бағланова, жезтаңдай әнші Мәдина Ералиева, дарынды композитор Кеңес Дүйсекеевті, шығыстың жарық жұлдызы Ғани Мұратбаевты дүниеге әкелген қасиетті Қазалы жеріне қош келдіңіздер! Айтулы өнер кешінде баршаңызға сәттілік тілеймін!» - деді аудан басшысы.
Фестиваль барысында Қызылорда қаласынан «Мереке», Жаңақорған ауданынан «К-4», Жалағаш ауданынан «Алтын Арай», Сырдария ауданынан «Ритм», «Dostar band», Арал ауданынан «Арал», Шиелі ауданынан «Шиелі» және Қазалы ауданынан «Қазалы», «5-аймақ» вокалды-аспапты ансамбльдері 70-90 жылдардағы ескі әндер мен өздерінің шығармашылық туындыларын орындап, көпшіліктің ықыласына бөленді.
Фестивальге қатысқан барлық вокалды-аспапты ансамбльдер аудан әкімінің “Алғыс хатымен” және қаржылай сертификаттармен марапатталып, көңілді кеш жарқын отшашуға жалғасты.
03 қазан 2025 ж. 197 0

Қазақстанда күн күрт суытады

06 желтоқсан 2025 ж. 165

Ұрпаққа бағыт, білімге мақсат

06 желтоқсан 2025 ж. 129

Мәңгілік сағыныш

06 желтоқсан 2025 ж. 116

Ұстаздар үздіктер сапында

06 желтоқсан 2025 ж. 123

Өмірін әнмен әрлеген әжелер

06 желтоқсан 2025 ж. 115

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031