Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Ойлы жандар жарысты

Ойлы жандар жарысты

Қазақ халқы қашанда қариясын қадірлеп, «ақ сақалына қарап ақыл сұраған, ақ жаулығына қарап ибалық танытқан» халық. Өйткені үлкеннің өмірлік тәжірибесі, көргені мен түйгені– кейінгі ұрпаққа сарқылмас қазына. Сондықтан да жыл сайын 1 қазан – Халықаралық қарттар күні ерекше мәнге ие. Бұл күн – бар ғұмырын еңбекке арнап, елдің өркендеуіне үлес қосқан аға буынға ізет білдіріп, құрмет көрсету күні.
Осы дәстүрден Қазалы ауданы да қалыс қалған жоқ. Биыл да мерейлі мезет қарсаңында Әйтеке би кентіндегі «Жалаңтөс батыр» атындағы орталық стадионда қазыналы қарттардың басын қосқан спорттық шара ұйымдастырылды. Мерекелік сипаттағы бұл сайысқа ауданның әр ауылынан келген елуге жуық ардагер қатысып, шахмат, дойбы және мылтық ату сынды спорт түрлерінен бақ сынады.
Шараның салтанатты ашылуында аудан әкімінің орынбасары Дәурен Тлеумбетов сөз сөйлеп, қарттарға деген құрметін жеткізді.
– Қадірлі ардагерлер! Сіздердің әрбіріңіздің жүріп өткен жолдарыңыз, еткен еңбектеріңіз – ұрпақ үшін үлгі-өнеге. Ақылы – дария, білімі – теңіз, өмірлік тәжірибесі мол Сіздерден тәлім-тәрбие алған ұл-қыздарыңыздың өздеріңіз бастаған игілікті істерді жалғастыруда. Міне, бүгін Сіздердің мерейлі мерекелеріңізге орай ардагерлер арасында спорттық сайыс өткізгелі отырмыз. Бұл жай ғана сайыс емес, қазыналы қарттарымыздың арасында белсенді өмір салтын насихаттап, ұрпаққа үлгі боларлық өнегесін дәріптеу.Өткеннің өнегесін өшірмей, бүгіннің берекесін бекемдеп отырған асыл қазына – қарттарымызды ардақтау, құрмет көрсету болып табылады. Баршаңызға бүгінгі сайыста сәттілік тілеймін,–деді Дәурен Оңғарбайұлы.
Жарыс барысында қарттар өздерінің ширақ қимылы мен ой ұшқырлығын танытып, ерекше сергектік көрсетті. Әсіресе шахмат пен дойбыда ақсақалдар арасындағы тартысты ойындар көпшіліктің қызығушылығын тудырды. Мылтық атуда да мергендігін байқатқан қариялар жеңіске деген құштарлықтан тайынбады.
Жарыс қорытындысында озық шыққандар арнайы марапаттарға ие болды. Марапаттау рәсіміне аудандық қоғамдық даму бөлімінің басшысы Жәнібек Әлиев қатысып, жеңімпаздарға аудан әкімінің міндетін атқарушы Жалғас Сүйеубаевтың атынан дипломдар мен сыйлықтарды табыс етті.
Айта кету керек, қазыналы қарттарға арналған мұндай спорттық сайыстар Қазалы ауданында дәстүрге айналған. Қарттар күні –аға буынға деген ілтипатты айқындайтын мерейлі мереке. Сондықтан мұндай бастамалар алдағы уақытта да өз жалғасын таба бермек.
А. ЖҮСІПОВА
27 қыркүйек 2025 ж. 89 0

Өмірі өшпес өнеге

04 қазан 2025 ж. 30

Бақытқа бастар соқпақ

04 қазан 2025 ж. 30

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031