Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қарттарын қадірлеген ел ардақты

Қарттарын қадірлеген ел ардақты

Елімізде жыл сайын қазан айының алғашқы күні – халықаралық қарттар күні мерекесі ретінде аталып өтіледі. Соған сәйкес Р.Бағланова атындағы аудандық мәдениет орталығында «Қарттарын қадірлеген ел ардақты» атты мерекелік шара өтіп, қазалылық ардагерлер құрметке бөленді.

Мерекелік салтанатты шара­ға аудан әкімі Мейрамбек Шермағанбет қатысып, абыз ақсақалдар мен ақ жаулықты әжелерді мерейлі мерекемен құт­тықтады.
– Абыз ақсақалдар мен ақ жаулықты әжелер – елдік пен өнегелі өмір тәжірибесінің, бе­ре­ке-бірліктің қайнар көзі. Халқы­мыздың «Ауылыңда қар­тың болса, жазылып қойған хатпен тең», «Қариясы бар елдің – қазынасы бар» деген ұлағатты сөздері Сіздер сынды халық арасында сый-құрметке ие болған абзал азаматтарға арналғаны ақиқат. Еселі еңбекке, ерен ерлікке толы өмір жолдарыңыз және ақылшы-ұстаздық қабілеттеріңіз әрқа­шан ұрпаққа үлгі-өнеге.
Сіздерді бүгінгі мереке­леріңіз­бен шын жүректен құт­тықтай отырып, дендеріңізге саулық, ұзақ ғұмыр, отбас­тарыңызға бақ-береке, ырыс-несібе тілеймін, – деді аудан басшысы.
Сонымен қатар бүгінгі жас ұрпаққа үлкен өнеге көрсетіп, түрлі қоғамдық жұмыстарға белсене араласып жүрген ардагерлерге «Құрмет грамотасы» мен аудан әкімінің «Алғыс хатын» табыстады.
Қариялардың мерейін үстем еткен көңілді кеште аудандық мәдениет орталығының өнер­паздары ән-күйден шашу шашып, Қазалының қазыналы қария­ларына аудан әкімінің арнайы сыйлықтары табысталды. Ме­рекелік кеште «Атамұра» ардагерлер ансамбліде ерекше өнер көрсетіп, мереке иелеріне әдемі ән шашуын тарту етті.
Айта кетейік мерекелік шара басталмас бұрын, аудан әкімі мен шараға келген қонақтар мәдениет орталығының фоесінде аудандық орталықтандырылған кітапхананың көрмесін тамашалап, домбырашылар ансамблі қонақтар мен ардагерлерге қазақ күйлерін тартып, рухани көңіл күй сыйлады.
«ҚАЗАЛЫ» ақпарат
05 қазан 2024 ж. 137 0

Ротация туралы не білеміз?

03 желтоқсан 2024 ж. 54

Ерекше жандар ескерілді

03 желтоқсан 2024 ж. 82

Тәуелсіздікті ту етемін

02 желтоқсан 2024 ж. 82

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031