Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Көшесі жарқыраған, құрылысы қарқын алған

Көшесі жарқыраған, құрылысы қарқын алған

Фото: Қазалы ауданы әкімінің баспасөз қызметі
Кез келген мемлекеттің экономикалық күш-қуаты мен әлеуметтік тұрақтылығы инфрақұрылымының дамуына тікелей байланысты. Соңғы жылдары Қазалы ауданында да ел игіліне бағытталған әлеуметтік маңызды ірі жобалар жүзеге асырылуда. Ауыл мен қаланың көркейіп, халықты әлеуметтік нысандармен қамтып, зәулім ғимараттардың бой көтеруі, жолдлардың жөнделіп, халық игілігіне ұсынылуы – ел әлеуметінің айқын көрінісі.
Әр жылды жеткен жемісті жетістіктерімен тойлау аудан үшін дәстүрге айналған. Индустрияның бұл түрі қазіргі сындарлы кезеңде де ел экономикасының негізгі көрсеткішін саналып отыр
Жол саласы қашаннан да актуалды. Биылығы жылы да бұл бағытта біршама жұмыстар жүйелі атқарылған. Бірнеше көше күрделі жөндеу көрсе, тағы біршамасы жай жөндеуден өткен.
Қазалы ауданында жол-көлік инфрақұрылымын дамыту бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасуда. Аудан тұрғындарының қолайлы әрі қауіпсіз қозғалысын қамтамасыз ету – жергілікті атқарушы органдардың басты міндеттерінің бірі болып табылады.
Бұл туралы Қазалы ауданы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.
«Бүгінде ауданның коммуналдық меншігінде 375 шақырым аудандық маңыздағы автомобиль жолы және елді мекендердегі ұзындығы 438 шақырымды құрайтын 480 көше жолдары бар. Бұл жолдар халықтың күнделікті тіршілігінде маңызды рөл атқарады», – дейді.
2025 жылы жүзеге асырылып жатқан жобалар қатарында «Қазалы – Көларық – Бекарыстан би – Жаңақұрылыс» бағытындағы жалпы ұзындығы 6,5 шақырымдық жолға күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Қазіргі таңда оның 2,5 шақырымына қара қиыршықтас және ірі түйіршікті асфальт қабаты төселген.
«Жанқожа батыр елді мекеніне кіреберіс» 3 шақырымдық автомобиль жолының 1 шақырымына да қара қиыршықтас және ірі түйіршікті асфальт төселіп, құрылыс жұмыстары жоспарға сәйкес жалғасуда.
Аталған екі жобаның мердігері – «Қазалы Жолшы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі.
Аудан орталығы – Әйтеке би кентіндегі көше жолдарына жөндеу жұмыстары да назардан тыс қалмаған.
Кенттегі 6 көшеге орташа жөндеу жұмыстары белсенді жүргізілуде. Олар: Т.Рұсқұлов, Д.Оразымбетов, қала маңындағы шаруашылық көшесі, Мүсірәлі қожа, Қызылбас палуан, И. Жақыпов көшелері.
Жалпы ұзындығы 2,99 шақырымды құрайтын бұл учаскелерге қиыршық тас қабаты төселіп, жол төсемесі қалпына келтірілуде. Жөндеу жұмыстарын «Намыс Құрылыс» жауапкершілігі щнктеулі серіктестігі мердігер мекемесі атқаруда.
Күрделі жөндеу жұмыстары қолға алынған көшелер туралы Қазалы аудандық тұрғын үй коммуналдық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі басшының міндетін уақытша атқарушы Жасәділ Ешепетов мәлімдеді.
«Әйтеке би кентіндегі М.Жұмабаев, А.Байтұрсынов және Желтоқсан көшелерінде күрделі жөндеу жұмыстары басталды. Қолға алған істер аясында жол төсемесін толық жаңарту көзделген. Жобаларды «СтройМодульАстана» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі жүзеге асыруда», – дейді.
Алға қойылған мақсат – сапалы жол, жайлы өмір сыйлайтынын жеткізді.
«Жүзеге асып жатқан жол жөндеу және құрылыс жұмыстары Қазалы ауданының көлік инфрақұрылымын жақсартып, тұрғындардың жүріп-тұруын жеңілдетуге бағытталған. Жаңа жолдар мен жөнделген көшелер — тұрғындардың күнделікті өміріне жайлылық пен қауіпсіздік сыйлайды», – дейді ЖасәділЖетербайұлы.
Аудан әкімдігі алдағы уақытта да жол сапасын арттыру бағытындағы жұмыстарды жалғастырып, елді мекендердегі инфрақұрылымды жаңғырту бойынша нақты шаралар қабылдауды көздеп отыр. Бұл жұмыстар ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына оң әсер етіп, жергілікті халықтың әл-ауқатын арттыруға өз үлесін қосары сөзсіз.
Жол қауіпсіздігі – басты мәселелердің бірі. Жолдардың талапқа сай қауіпсіздікті қамтамасыз етіп, инфрақұрылымды дамытуға арналған инвестицияларды пайдаланушы басты мемлекетіміз үшін жобалардың сәтті өтуі үшін де қажетсінеді. Қоғамның ажырамас бөлшегі, басты драйвер саналатын жолдардың лайықтылығы аудан көрінісіне көрік қосып қана қоймай, тұрғындар тұрмысының түзелуі мен баянды болашақты қаматамасыз етуге оң серпін беруде. Себебі сапалы, талапқа сай салынған жол бойында тауар айналымы да арта түсетіні белгілі.
Алтын ҚОСБАРМАҚОВА
17 маусым 2025 ж. 173 0

Тағылымға толы кездесу

17 маусым 2025 ж. 182

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30