Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстандықтар енді тістерін емдеу үшін зейнетақы қорындағы ақшасын ала алмайды

Қазақстандықтар енді тістерін емдеу үшін зейнетақы қорындағы ақшасын ала алмайды

Photo: istockphoto.com
Қазақстанда стоматологиялық қызметтерге зейнетақы жинақтарын пайдалану үшін өтініштерді қабылдау тоқтатылады. Шектеулер 15 қыркүйектен бастап күшіне енеді, деп хабарлайды turkystan.kz.

«2025 жылғы 15 қыркүйектен бастап enpf-otbasy.kz платформасында тіс емдеуге зейнетақы қорындағы артық ақшаны пайдалану бойынша өтінімдер қабылданбайтынын хабарлаймыз. Бұл күнге дейін берілген өтінімдер тәртіп бойынша қарастырылады», – деп мәлімдеді Отбасы банкі.

Тіс емдеуге зейнетақы қаражатының артығын пайдалану бойынша өтінімдер қайтадан қашан қабылданатыны туралы банк қосымша хабарлайтын болады.

Еске сала кетейік, бұған дейін Қаржылық мониторинг агенттігінің төрағасы Жанат Элиманов Президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа зейнетақы жинақтарын заңсыз қолма-қол ақшаға айналдырудың резонансты фактілері туралы баяндаған еді. Агенттік стоматологиялық қызметтер деген желеумен БЖЗҚ-дан 200 миллиард теңгенің негізсіз алынғанын анықтады. Қаражаттың бір бөлігі жеке клиникалар қатысқан жалған схемалар арқылы шығарылған.

 


11 қыркүйек 2025 ж. 474 0

Стиль мен сана байланысы

31 наурыз 2026 ж. 56

Сапаға сын болмауы тиіс

31 наурыз 2026 ж. 54

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031