Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Стоматологтар арқылы зейнетақының артық мөлшерін шешіп алған: Елімізде кінәлілерді жазалау жоспарлануда

Стоматологтар арқылы зейнетақының артық мөлшерін шешіп алған: Елімізде кінәлілерді жазалау жоспарлануда

Фото: pixabay
Отбасы банкі енді зейнетақы қорынан БЖТ көмегімен стоматологиялық клиникаларға қаражат алуға тыйым салынатынын жеткізді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Деректерге сүйенсек 2024 жылғы 23 шілдедегі жағдай бойынша Отбасы банкі арқылы БЖТ көмегімен емделуге 435,1 миллиард теңге пайдаланылған. Оның 98%-ы стоматологиялық қызметтерге-тістерді протездеу және имплантациялауға алынған.

"Көрсетілген қызметтерге ақы төлеу деген желеумен кейбір стоматологиялық клиникалар адамдарға қолма-қол ақша алуға көмектесті. Бұл зейнетақы қорын мақсатсыз пайдалану. Мысалы, бірқатар стоматологиялық клиникалар күніне 70-тен астам клиентті қабылдады. Бұл ретте медициналық мекемелерде пациенттердің мұнша санына қызмет көрсететіндей жағдай болған жоқ", - делінген банктің хабарламасында.

Банк сонымен қатар "толық адентия" (тістердің толық болмауы) диагнозы қойылған 21 жастағы қазақстандыққа дәрігерлік комиссияның қорытындысында тістерді тазарту, брекет жүйелерін орнату сияқты жалған қызметтер жазылғанын алға тартты.

“Біз 2021-2024 жылдар кезеңінде БЖЗҚ қаражатына көрсетілетін қызметтер көлемі бойынша топ 25 стоматологиялық клиниканың мемлекетке салық түрінде шамамен 63 миллион теңге төлегенін анықтадық. Бұл ретте БЖЗҚ қаражаты есебінен осындай кезеңде көрсетілген қызметтер көлемі шамамен 91 миллиард теңгені құрады. Яғни салық жүктемесі небәрі 0,07%. Біздің ойымызша, бұл стоматологиялық клиникалар тарапынан көрсетілетін қызметтердің шынайылығына күмәндан келтіреді. Әсіресе протездеу және имплантациялау сияқты күрделі рәсімдерді алып қарасақ”, - деп түсіндірді Отбасы банкінің басқарма төрағасы Ләззат Ибрагимова.

Еске салсақ, Денсаулық сақтау министрлігі 2024 жылдың 10 тамызынан бастап 2025 жылдың 1 ақпанына дейін стоматологиялық қызметтерге зейнетақы қорынан қаражат пайдалануды тоқтата тұруды жоспарлап отыр.

25 шілде 2024 ж. 207 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031