Жаңа әкімшілік ғимараты ашылды

Бүгін аталған округте жаңадан бой көтерген әкімшілік ғимараттың ашылу рәсімі өтіп, өз жұмысын бастады.
Салтанатты шараға аудан әкімі Мұхтар Оразбаев арнайы қатысып, ауыл халқын жаңа нысанның ашылуымен және бірнеше күннен соң аяқ басқалы отырған Жаңа жыл мерекесімен құттықтады. Сондай-ақ, ауылдық клуб, мектеп, балабақша және денсаулық саласының ұжымына аудан әкімінің “Құттықтауын” табыстады.
Мұнан соң Қызылорда облысының және Қазалы ауданының құрметті азаматы, «РЗА» акционерлік қоғамының президенті Самұрат Имандосов көпшілікке жылы лебізін жеткізіп, жаңа ғимарат ел игілігіне жұмыс жасасын деген тілегін айтты.
Аудан әкімі мен арнайы келген қонақтарға ризашылығын білдіріп, алдағы жұмыстарына сәттілік тілеген ауыл ақсақалы Сәду Болат ақ батасын берді.
Бұдан кейін бір топ ақсақалдар лента қию рәсімін өткізіп, округ халқы жаңа нысанның ішімен танысты.
"ҚАЗАЛЫ" ақпарат