Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Ауылдағы ауқымды жоба

Ауылдағы ауқымды жоба

Ақсуат ауылының көркі жыл санап артып келеді. Түрлі ғимараттар ел игіліне берілуде. Бұған дейін Майлыбас ауылдық округіне қарасты Ақсуат ауылында 150 орындық клуб бой көтеретіні айтылған болатын. Міне, осы сөздің соңы іспен жалғасын тауып, жаңа мәдениет ордасының қабырғасы қаланып жатыр. Ажары артқан ауылдың жыл сайын жаңарғанына тұрғындар дән риза.
Жақында аудан әкімі Мұрат Нәлхожаұлы «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасы аясында Майлыбас ауылдық округінде құрылысы жүргізіліп жатқан бірқатар әлеуметтік нысандарды аралап шықты. Ең әуелі құрылысы жақында бастау алған ауылдық клубтың алғашқы кірпішін қалауға қатысып, жауапты мердігерлер мен бөлім басшысына нысандардың сапасына жіті көңіл бөліп, жоспарланған уақытында ел игілігіне беруді тапсырды.
Мердігер компания «Болашақ» ЖШС қарқынды жұмыс жасап, құрылысқа қажетті барлық техникалармен қамтамасыз еткен. ­Жоспар бойынша жаңа ғимарат алдағы жылдың көктемінде пайдалануға берілетін көрінеді. Мұнан бөлек Майлыбас ауылдық округінде 90 орындық балабақша жұмысы бітуге таяп қалғанын еске сала кетейік. Сонымен қатар №100 орта мектептің жылыту жүйесіне жөндеу жүргізіліп жатқанын да тілге тиек ете кеткен жөн.
Жалпы Ақсуат ауылында 352 отбасы, 1730 халық бар. Ауыл тұрғындары бос уақытын тиімді пайдалануына арналған мәдени іс-шараларды жиі өткізіп тұрады. Атаулы мереке қарсаңында халықтың көңіл-күйін көтеріп, әсерлі кеш сыйлайды. Ескі клуб 1954 жылы күйдірілген кірпіштен салынып, 2013 жылы тиісті сала мамандарының мәліметі бойынша Қызылорда облыстық «Құрылыс сараптама» ЖШС-нің берген №34 қорытындысымен апаттық жағдайдағы құрылыстар тізіміне енгізілген еді.
– Ауыл жыл сайын көркейіп, гүлденіп келеді. Былтырғы жылы балабақшаның іргетасы қаланып, қуанышқа бөлендік. Осы жылы клуб ғимараты бой көтереді деген жақсы жаңалықты естігенде одан сайын жүзімізге күлкі ұялады. Осындай игілікті істер жалғасын тауып, ауылдағы әр отбасының түтіні түзу ұшса, одан асқан бақыт бар ма? – деп тұрғындар ризашылығын білдірді.
Абзал БАҚЫТҰЛЫ
08 шілде 2020 ж. 1 116 0

Ісін сүйген, ұтылмайды

05 сәуір 2025 ж. 156

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930