Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қызылордада мүмкіндігі шектеулі кәсіпкер миллион теңгемен марапатталды

Қызылордада мүмкіндігі шектеулі кәсіпкер миллион теңгемен марапатталды

Қызылорда қаласындағы Кәсіпкерлер үйінде облыстық «Өзіңе сене баста» атты мүмкіндігі шектеулі кәсіпкерлердің өнімдерінен облыстық көрме-байқауы өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Аталмыш шараға әртүрлі салада кәсіпкерлікпен айналысып жүрген барлығы 50 адам қатысты. Байқау барысында қатысушылардың ағаш, тоқыма, сурет, тағам мен көптеген басқа да өнімдерінен көрме ұйымдастырылды. Облыс әкімі Қырымбек Көшербаев шараға қатысып, байқау жеңімпаздары мен қатысушыларын марапаттады. «Жұмыспен қамту кез келген мемлекет үшін қашанда өзекті мәселелердің бірі болып табылады. Ал азаматтарды жұмыспен қамтудың баламасы ол - кәсіпкерлік. Бүгін мүмкіндігі шектеулі кәсіпкерлерді қолдау әрі олардың дамуына жол ашу мақсатында «Өзіңе сене баста» көрме-байқауын өткізіп отырмыз. Қатысушылар - тағдыр тауқыметіне қарамастан, қоғамда өз орнын тауып, өзін жұмыспен қамтып, тіпті өзгелерге жұмыс тауып берген азаматтар. Олар көпке үлгі болуға лайықты және қоғамды масылдық көзқарастан арылтуға септігін тигізеді», - деді аймақ басшысы. Байқау жеңімпаздарын облыстық мәслихат депутаттары, «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалының өкілдері, кәсіпкерлер палатасының мүшелері, «Даму» қоры мен әлеуметтік қорғау ұйымы қызметкерлерінен құрылған комиссия анықтады. Байқау жеңімпазы Қасиет Орал кәдесый жасау жобасымен қатысқан еді. Оған облыс әкімінің алғыс хаты мен 1 миллион теңге берілді. Қармақшы ауданынан қатысқан Ерлібек Жармаханов «Аяқкиім жасау» жобасымен 700 мың теңгеге ие болса, Қызылорда қаласының тұрғыны Аслан Ертохаев «Кәріз жүйелері өнімі, темір және сурет бұйымдары» жобасымен 500 мың теңге сыйақымен марапатталды. Сонымен қатар, байқаудың барлық 50 қатысушысы да грамота мен тұрмыстық техникалық тауарлар сертификатына ие болды. «Бірнеше жыл бұрын жақындарымның көмегімен кәдесый жасаумен айналыса бастадым және кәсіпкерлікті қолдауға бағытталған түрлі мемлекеттік бағдарламаларда үздік нәтижелерге қол жеткіздім. Байқауда жеңімпаз атанғаныма өте қуаныштымын, ұйымдастырушыларға осындай байқау өткізгені үшін және қолдау көрсеткен жандарға алғыс білдіремін. Мұндай шаралар өз кәсіптерін дамыту үшін өте қажет деп есептеймін», - дейді байқау жеңімпазы Қасиет Орал. Атап өтейік, қазіргі таңда облыста мүмкіндігі шектеулі 29 353 адам тіркелген. Оның ішінде I топтағы мүгедектердің саны - 2 827, II топтағы - 11 145, III топтағы - 10 526 болса, ал 18 жасқа дейінгі балалардың саны - 4 855-ті құрайды. Оларды қолдауға аймақта жүйелі жұмыстар жүргізілуде. Ағымдағы жылы жеке оңалту бағдарламасын іске асыру үшін облыстық бюджеттен 680 млн теңге бөлінген. 2018 жылдың бірінші жартыжылдығында жұмыспен қамту орталығы арқылы 376 мүмкіндігі шектеулі адамды жалпы жұмыс орындарымен, оның ішінде 148 мүгедек жанды тұрақты жұмыс орындарымен қамтып отыр.
inform.kz
24 тамыз 2018 ж. 1 450 0

Ісі ілгерілеген өндіріс

23 қараша 2024 ж. 48

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930