Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қызылорда облысында жарты жылда өзін-өзі жұмыспен қамтыған 16 мың азамат жұмыспен қамтылды

Қызылорда облысында жарты жылда өзін-өзі жұмыспен қамтыған 16 мың азамат жұмыспен қамтылды

Мемлекеттік бағдарламалардың тиімділігінің нәтижесінде аймақта кәсіпкерлікке бет бұрғандардың үлесі 22-ден 26%-ға өсті. Ал, тұрақты жұмыс істеп тұрған шағын және орта бизнес субъектілерінің саны өткен жылы 5,2%-ға артты. Бұл туралы облыс әкімі Қ.Көшербаев халыққа есеп беру кездесуінде айтты.
"Соңғы жарты жылда 16 мыңнан астам өзін өзі жұмыспен қамтығандарды кәсіпкерлікке тартуға қол жеткіздік. Алайда, бұл – мүлдем біз көздеген нәтиже емес. Біздің мақсатымыз – жалпы өңірлік өнім көлеміндегі шағын және орта бизнестің үлесін 45-50%-ға дейін жеткізу және осы бағытта жұмыс істеудеміз»,- деп атап өтті аймақ басшысы.
Естеріңізге сала кетейік, бірер күн бұрын облыс әкімдігі, мәслихат, «Нұр Отан» партиясының филиалы және Қоғамдық кеңес 2018 жылды облыс бойынша «Жаппай кәсіпкерлікті қолдау жылы» деп жариялау туралы бірлескен шешім қабылдады. Өңірде "Жол картасы" кешенді бағдарламасын әзірленіп,оны жүзеге асыру үшін ағымдағы жылы барлық қаржы көздері есебінен 32 млрд. теңгеден астам қаржы бөлу жоспарланып отыр.
«Сонымен қатар,шағын және орта бизнесті дамытуға жергілікті бюджеттен қосымша 500 млн. теңге микрокредитті Өңірлік инвестициялық орталық арқылы, ал, Бизнестің Жол картасы аясында берілетін микрокредиттер бойынша пайыздық мөлшерді субсидиялауға 539 млн.теңге бөліп отырмыз. Кәсіпкерлік субъектілеріне көмек ретінде біз «Қазақтелеком» АҚ және «Атамекен» Ұлттық Кәсіпкерлер палатасымен бірлесіп цифрлық платформаны енгізіп жатырмыз", - деді облыс әкімі.
Бүгін, 2018 жылдың 14 ақпан күні, Н. Бекежанов атындағы облыстық драма театрында облыс әкімі Қ.Көшербаевтың халық алдында есеп беру кездесуі болып өтті. Кездесуге ҚР Президент Әкімшілігінің өкілі Н.Тлешов,ҚР Премьер-Министрі Кеңсесінің өкілі-С.Қизат,ҚР Ішкі істер министрі-Қ.Қасымов,«Нұр Отан» партиясының хатшысы- Ғ.Әбдірахымов, сондай-ақ, жергілікті атқарушы органдардың басшылары, 264 елді мекеннің өкілдері және саяси партиялар мен қозғалыстар, үкіметтік емес ұйымдар, қоғамдық кеңес, сондай-ақ, еңбек ұжымдары мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.



14 ақпан 2018 ж. 1 123 0

Ауқымды марафон өтті

20 қараша 2024 ж. 76

Мемлекеттік рәміздер

20 қараша 2024 ж. 71

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930