Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстанда бұрын болмаған өзгерістер жасалып, халық реформаның игілігін көріп жатыр – Тоқаев

Қазақстанда бұрын болмаған өзгерістер жасалып, халық реформаның игілігін көріп жатыр – Тоқаев

Фото: Ақорда

Қасым Жомарт-Тоқаев Қазақстанда бұрын-соңды болмаған тың өзгерістер жасалып, халық реформаның игілігін көріп жатғанын жеткізді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Мемлекет басшысы күрделі жағдайларда еліміздің басалды саясат жүргізіп жатқанын ерекше атап өтті.

"Жаһандағы ахуалды көріп отырсыздар. Заман күрделі, болашақ бұлыңғыр болып барады. Соған қарамастан, еліміз бейтарап ұстаныммен байсалды сыртқы саясатын жүргізіп келеді. Бұл Қазақстанның дамуына қолайлы жағдай жасауда.

Елімізде түбегейлі жаңғыртулар жүзеге асырылып жатыр. Конституциялық реформа жасалды. Жалпыхалықтық референдум арқылы Ата заңға аса маңызды түзетулер енгізілді. Парламенттің құзыреті кеңейді, Үкіметтің жауапкершілігі күшейді. Саяси партиялардың рөлі арта түсті. Конституциялық Сот құрылды. Азаматтарымыз стратегиялық маңызы бар шешімдер қабылдауға белсене араласа бастады”, – деді ол.

Тоқаев сонымен қатар реформалардың әсерін де алға тартты.
“Бір сөзбен айтсақ, Қазақстанда бұрын-соңды болмаған тың өзгерістер жасалды. Ең бастысы, халық реформаның игілігін көріп жатыр, өзгерістің әсерін нақты сезініп отыр. Баршаңызға мәлім, мен биылғы Жолдауымда Парламенттік реформа жасауды ұсындым. Осыған байланысты көптеген ұсыныс келіп жатыр. Біз оның бәрін мұқият зерделейміз. Бастаманы халық қолдаса, бір палаталы кәсіби Парламентті жасақтаймыз. Осындай қадам мемлекетіміз үшін пайдалы және тиімді боларына күмәнім жоқ", – деді президент Ақордада.
25 желтоқсан 2025 ж. 40 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031