Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қызылорда жұмыссыздықты азайтуда өңірлер арасында көш бастап тұр

Қызылорда жұмыссыздықты азайтуда өңірлер арасында көш бастап тұр

Бүгінде Қызылорда облысында жүз мыңға тарта жұмыссыз тіркелген. Қызылорда әкімдігі өңір тұрғындарын жұмыспен қамту мен кәсіпкерлікті дамыту мәселесіне айтарлықтай көңіл бөліп отыр. Соның нәтижесінде республикада алдыңғы қатарға шықты. Бұл туралы облыс әкімі Қырымбек Көшербаев облыстық мәслихаттың сессиясында жан-жақты баяндап берген болатын.
– Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіне көшу бойынша дайындық жұмыстары аясында тұрғындардың әлеуметтік тұрғыдан әлсіз топтарын анықтау үшін аулаларды аралап, тексеру жүргіздік, – деді ол. – 2018 жылдың басында облыста 97 538 толық жұмыспен қамтылмаған және жұмыссыз азаматтар бар екендігі анықталды. Олар – өздерін зейнетақы төлемдері, медициналық қызметтер мен әлеуметтік сақтандыруды алу мүмкіндігінен айырып отырған тәуекел тобындағы азаматтар. Аталған санаттағы азаматтар үшін «2018-2019 жылдарға арналған өзін-өзі жұмыспен қамтылған тұрғындарды рәсімдеу жол картасын» қабылдадық. Алдағы 2 жылда өзін-өзі жұмыспен қамтыған және облыстың жұмыссыз 97 мың тұрғынын рәсімдеу мен жұмысқа орналастыруды міндет етіп қойып отырмыз.
Өңір басшысының айтуынша, соған қарамастан, олардың арасында жұмыс істегісі, әлеуметтік жарнаны төлегісі келмейтіндер де бар. Мұндай адамдар 15 мыңнан асады. Дегенмен, бұл санаттағыларды да жігерлендіру және түсіндіру арқылы қажетті жұмыс жүргізілуде.
2018 жылдың 6 айындағы жұмыстың қорытындысы бойынша, 7 мыңнан астам адам жаңа жұмыс орнына орналастырылды. 20400 адам нәтижелі жұмыспен қамтылды. 20 мыңға жуық азаматтың қызметі заңдастырылды. Олардың 17 мыңға жуығы жұмыс берушілермен еңбек келісімшарттарын жасасты және 3 мыңнан астам адам мемлекеттік кіріс органдарында жеке кәсіпкер ретінде тіркеліп, өз кәсіптерін бастады. Нәтижесінде, жыл басынан бері өнімсіз жұмыспен қамтылған және жұмыссыз ретінде тіркелмеген адам санын 27 мыңға азайтуға қол жеткізілді және бұл көрсеткішті 70 мыңға жеткізу көзделіп отыр.
Әрине, бұл жерде шағын және орта бизнесті дамыту үлкен рөл атқарады. Бұл – әлеуметтік аз қорғалған адамдардың санын азайтудың өте тиімді тәсілі. Сондықтан 2014 жылы өзінің икемді кепілдік саясаты бар, әсіресе ауылдық жердегі жұмыссыздарды несие ресурстарымен қамтамасыз ете алатын Аймақтық инвестициялық орталығы құрылды. Аймақтық инвестициялық орталықты қаржыландыруға облыстық бюджеттен 1 млрд теңге бөлініп, шағын бизнестің 280 жобасы қаржыландырылды және 540-тан астам тұрақты жұмыс орны құрылды.
Әкімдіктің, мәслихаттың, «Нұр Отан» партиясы филиалының, Қоғамдық кеңестің және «Атамекен» өңірлік кәсіпкерлер палатасының бірлескен шешімімен 2018 жыл облыста «Жаппай кәсіпкерлікті қолдау жылы» болып жарияланды. Кешенді «Жол картасын» әзірлеудің нәтижесінде ағымдағы жылы барлық қаржы көзінен 32 млрд теңгеден астам қаржы бөлу көзделуде.
«Өткен маусым айында облыстың барлық аудандарын жұмыс сапарымен аралап шығып, аудан басшылары мен жауапты кураторлардың шағын кәсіпкерлікті дамыту жоспарларымен танысып, жұмыстарын тыңдадық. Айта кету қажет, қабылданған шаралардың алғашқы нәтижелері байқалуда. Ағымдағы жылы облыста жұмыс істеп тұрған кәсіпкерлік субъектілер 11%-ке көбейді. Аталған көрсеткіш бойынша Қызылорда облысы өңірлер арасында көш бастап тұр. Халықты жұмыспен қамту мәселесін кәсіпкерлікті дамыту, оқыту және басқа да белсенді шаралар арқылы шешуге ықпал ете отырып, жұмыссыздар мен өзін-өзі жұмыспен қамтыған тұрғындарды пайдалы еңбекпен барлық мемлекеттік, салалық және өңірлік бағдарламалардың мүмкіндіктерін пайдалану арқылы қамтамасыз етуге де барынша күш салып жатырмыз», деді Қ.Көшербаев.
Әкім бұл бағыттағы жұмыстарды осылай жүлгелеп берген. Облыс басшысының жұмыссыздар санын жетпіс мыңға дейін азайту жолындағы жұмысының жақсы нәтиже беріп жатқандығы байқалады. Бұл – мемлекеттік мәселе. Қ.Көшербаевтың жұртты тәуекел қайығына мінгізгені көпшілікке пайдаға шығып жатыр. Бір мысал айтайық. Сыр өңіріндегі Нағи Ілясов ауылында өзін-өзі жұмыспен қамтыған азаматтар саны көбейіп келеді. Ауыл әкімі Сағдат Нұрмағамбетов Кәсіпкерлер палатасының «Бизнес кеңесші» және «Бастау» оқу курстарының жұмыс істегісі келетін жандарға қанат бітіріп отырғандығын айтады. Сондай азаматтардың бірі Арысбек Байназаров «Бизнес-кеңесші» жобасына қатысып, қолынан қандай шаруа келетінін нақтылап алғаннан кейін бизнес-жоспарын жасайды. Содан соң «Қызылорда» Өңірлік инвестициялық орталығынан жеңілдетілген процентпен 3 млн теңге алып, мал бордақылау ісімен айналысады.
– Қазір шаруашылықпен айналысамын деген адамға мемлекет тарапынан зор көмек көрсетіліп жатыр. Бұрын жеңілдетілген несие алып, іс бастау қиын деп ойлайтынмын. Кәсіпті қолға алғаннан кейін ауыл әкімінен бастап салаға қатысы бар барлық маман, соның ішінде Кәсіпкерлер палатасының мамандары құжаттарды жинақтауға, қаржыландыру барысына дейін көмектесті. Алдағы уақытта мал басын көбейтсем деген жоспарым бар, – дейді кәсіпкер А.Байназаров.
Бүгінде Арысбек алған қаржысына жылқы мен ірі қара сатып алып, ауылдағы қоңды отбасылардың біріне айналды. Жұбайы Ақгүл бие де, сиыр да сауады. Ақ мол. Дастарқанынан сүт, қаймақ, май, айран және қымыз үзілмейді. Ет мәселесі де шешілген. Ауылдың «ертеңгі күнім қалай болады» деп жүрген азаматы мемлекеттік бағдарламаның арқасында тұрмыстық мәселесін шешіп алды. Ол енді «маған жұмыс тауып бер» деп әкімдіктердің есігін қақпайды. Қоңыртөбел тіршілігі бар. «Тәуекел ет те, тас жұт» деген – осы. Облыс әкімінің жұмыс істегісі келетін жетпіс мыңға жуық жұмыссызды жұмыспен қамту бағдарламасының тиімділігін ұққан ағайын білек сыбанып іске кірісіп жатыр.
Ел болған соң «Қан мен тер» трилогиясындағы сияқты елдің үстінен күн көргісі келетін, әпенді судыр Ахметтер болмай қалмайды. Сылтауы көп, масылдық пиғылы басым олардың саны, қуанышқа орай аз екен. Қоңсысы байып жатса қарап қалмас. Бұрындары кей азаматтар 3 млн теңге несие алып той жасап, артынан банкке ғұмыр бойы қарыз болып жүруші еді. Ал А.Байназаров 3 млн теңге жеңілдетілген несиеге бір үйір жылқы, бір табын сиыр алып, отбасын берекеге бөлеп тастады. Қарызға той жасаған тиімді ме, мал өсіріп дәулетін арттырған жақсы ма, айырмасын байқарсыз...
Бақтияр ТАЙЖАН,
01 тамыз 2018 ж. 2 265 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930